Картоптың көбі шіріп кеткен

Картоптың көбі  шіріп кеткен

Ақтөбе облысының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар тауар алу үшін биыл 1 млрд 153 млн теңге бөлінді. Тізімде 7 224 тоннасы бірінші сұрыпты бидай ұны, 434 тоннасы қант, 40 тонна қарақұмық, 40 тонна күріш, 100 мың литр күнбағыс майы бар. Тұрақтандыру қорына сақталған тауар «Табыс» коммуналдық базары және шағын коммуналдық базарларда сатылады. Бұл жұмысты тұрақтандыру қорының операторы – «Ақтөбе» ӘКК атқарады. Павлодардан Ақтөбедегі тұрақтандыру қорына жеткізілген картоптың бір бөлігі шіріп кеткендігін журналистер байқап қалыпты. Бұған қатысты  серіктестік басшысы Ерлан Блиев: «Қоймадағы картоптың келісімшарты 2021 жылы жасалған. Бағасы 62-ден 162 теңгеге дейінгі аралықта. Оны нарыққа шығару үшін талдап, талқылаймыз. Аптасына бір рет шығатын статистика мәліметіне сүйеніп, 10-15 пайыз төмен сатамыз. «Табыс» коммуналдық базарында орта есеппен картоптың келісі 100-135 теңгеден. Қазір интервенция жасайтын болсақ, өзіміздің картоп өтпей қалуы мүмкін. Сондықтан, биыл әкелініп жатқан картоп әлеуметтік дүкенге де шыққан жоқ. Ақтөбемен келісімшарт жасаған павлодарлық серіктестіктің картобы әлі тексерілмеген. Қоймаға жеткізілгенімен, қоғамдық бақылаудан өткен жоқ. Картопты қоғамдық кеңес мүшелерімен, ауыл шаруашылығы басқармасы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірге қараймыз. Сапасы төмен болса, қаптың ішіндегі шіріген картоп 10 пайыздан асса, өнімді қайта алмастырады немесе ақшасын қайтарады. Ол жақтан 55 тонна картоп әкелінді. Жағдайы орташа. Павлодарлық компаниямен арадағы келісімшарт былтыр жасалған. Олар мың тоннасын тасымалдауы тиіс. Бір бөлігі жеткізілді. Әлі кебуі керек, сосын қайта іріктеуден өтеді. Жеткізу, тиеу, түсіру бәрін сол өндіруші компания міндетіне алады. Шіріп кетсе, қайтарамыз», – дейді. 

 

Ермек Сахариев
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 91
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 86
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 91
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 281
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 902

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8980
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8374
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11600
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9358
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10584