Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтінім қабылдана бастады

 Кәсіпкерлерден залалды өтеуге өтінім қабылдана бастады

    «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келген залалды өтеуге InfoKazakhstan.kz платформасында электронды өтінімдерді қабылдай бастады. Бұл шара Үкімет бекіткен 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келген мүліктік залалды өтеу механизміне сәйкес іске асырылады. Еске салсақ, залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі. Механизмге сәйкес залалды өтеу туралы өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады. Қаржы Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушіге аударылады деп болжанады. «Зардап шеккен кәсіпкерлердің назарына! Залалды өтеуге өтініш берер алдында осы сілтемеге кіріп, нұсқаулықпен танысуыңызды сұраймыз, сондай-ақ қажетті құжаттардың толықтығына көз жеткізу керек. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өңірлік комиссия мүліктік залалды өтеуден бас тарту туралы шешім шығарады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін «Атамекен» ҰКП залалды өтеу бойынша іс-қимыл алгоритмін дайындады. Онда залалды өтеуге өтініш беру қадамдары сипатталған», – делінген «Атамекен» ҰКП таратқан хабарламада.

Ермек Сахариев
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5587
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5733
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20703
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19333
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22799