Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов WBO атағының иегері

Кәсіпқой бокс:    Мейірім Нұрсұлтанов   WBO атағының иегері

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңді. Мейірім Нұрсұлтанов Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) орта салмақтағы бос тұрған WBO International атағы үшін жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Алайда ресейлік боксшының қабағы жарылып, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмауына байланысты жекпе-жек 5-і раундта аяқталды. Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 16-ы жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын жеңіп алды. Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы ресейлік боксшы кәсіби бокста екінші рет жеңілді.

 

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 400
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 361

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29134
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28675
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45957
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41579
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46272