Кәсіпқой бокс: Қазақстандықтар IBF-тегі рейтингте қай орында?

Кәсіпқой бокс:   Қазақстандықтар IBF-тегі рейтингте қай орында?

 

   Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингті жариялады.  Аталған рейтингте қазақстандық боксшылар келесі орындарға жайғасты. Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов төртінші және бесінші орындарын сақтап қалды. Бұл салмақта алғашқы екі орын бос, үшінші орында ресейлік Евгений Шведенко. IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес. Орта дивизионда чемпиондық атақ Геннадий Головкинге тиесілі. Мейірім Нұрсұлтанов 13-і орыннан 14-шіге түсіп қалды. 1-орында бразилиялық Эскива Фалькао, 2-орын бос, үшінші сатыда – неміс Патрик Войцицки. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 15-і орында. Бұл салмақта үміткерлер арасында ең жоғары 3-орында америкалық Джарон Эннис. IBF чемпиондық белдігі АҚШ өкілі Эррол Спенсте. Екінші жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбек 11-орында қалды. Бұл дивизионда чемпион – жапониялық Кеничи Огава. 1-орында Шавкат Рахимов (Тәжікстан), одан кейінгі сатыларда британиялықтар Зелфа Барретт пен Джозеф Кордина. 

 

Ермек Сахариев
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227