Кәсіпқой бокс: Жәнібек чемпиондық атағын қорғап қалды

Кәсіпқой бокс: Жәнібек чемпиондық атағын қорғап қалды

13 қарашада Лас-Вегаста өткен бокс кешінде Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентли басты жекпе-жекте қолғап түйістірді. Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың мамыр айында британдық боксшы Дэнни Дигнумға қарсы өткізіп, оны екінші раундта нокаутқа жіберген. Дензел 2022 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, төртінші раундта британдық Маркус Моррисонды мерзімінен бұрын жеңіп кеткен. Осы жекпе-жекке дейін Жәнібек Әлімханұлының есебінде 12 жекпе-жек бар болса, оның 8-і нокаутпен аяқталған, бірде-бір жеңіліс тіркелмеген. Дензел Бентли 17 жекпе-жек өткізіп, оның 14-і нокаутпен аяқтаған, бір жеңілісі бар. Айта кетерлігі қос былғары қолғап шеберлері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағына таласты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша, жеңіс Әлімханұлына берілді.

Ермек Сахариев
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 859
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6929
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10767
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7001
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7140