Кедендегі былықтар 10 күнде шешілуі тиіс

Кедендегі былықтар 10 күнде шешілуі тиіс

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Кеден төңірегіндегі қылмыстық топтарды анықтау қажет. Әзірге бұл бағыттағы жұмыс нәтиже бермей отыр. Сондықтан, кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет. Бұл бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтам, ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар болуы соның дәлелі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға Үкіметтен 10 күннің ішінде нақты әрі толық жауап күтемін. Саланың қызметін заң бойынша қатаң реттеуді тапсырамын. Кеден мен логистика саласындағы проблемаларды халықаралық ойыншыларды тарту арқылы шешуге болады, яғни, осы салалар жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тартуды ойластырған жөн. Олар қажетті тасымал көлемін және жұмыстың ашық әрі есепті болуын қамтамасыз ете алады. Бұл мәселе үкіметте талқыланды. Үкіметке оны тағы да пысықтап, маған баяндауды тапсырамын», деді.

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5539
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5687
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20657
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19291
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22751