Келер жылы ең төменгі зейнетақы қанша болады?

Келер жылы ең төменгі зейнетақы қанша болады?

     «Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды. Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген. Заң жобасы бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге болмақ. 6 қазанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отырған құжат жобасында өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері нақтыланған: айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептейтін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге. Жобаның түсіндірме жазбасында бұл құжаттың жобасын қабылдау арқылы ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру көзделгені айтылған.

Ермек Сахариев
22.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 68
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 120
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 71
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 72

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388