Келешекті көрікті ететін – басылымдар

Келешекті көрікті ететін –   басылымдар

Әр басылымның негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын өзіндік ұраны болады. Мен үшін «Qazaqstan dauiri» газетінің ұраны ерекше. Қолыма басылымды алған сайын бірден көкірегімнің қауызына бойлап, «алға бас, сен қоғамның дамуы үшін жауаптысың» деп алға жетелеп тұрғандай әсерде боламын. Расында да,  еліміздің, ұрпақтарымыздың келешегі үшін бәріміз жауаптымыз, болашақ үшін бәріміз күресуге тиіспіз. Ал осы күрестің қандай болу керектігін көрсетуде «Qazaqstan dauiri» газеті 30 жылдан бері бәрімізге үлгі болып келеді. Жалпы қазақ баспасөзінің ертеңі, болашақ ұрпақтың тәрбиесі, ұлт намысы, мемлекет келешегі тақырыптарын редакция үнемі өткір көтеріп келеді. Газет басшылығына «Еланасы» Сәуле Мешітбайқызының келуімен бұл бағыт одан сайын өткірленіп, жанқиярлық еңбекпен ұштасуда. Қазақ баспасөзінің көшбасшыларының біріне айналған «Qazaqstan dauiri» газеті мен осы газет шекпенінен шыққан «Мөлдір бұлақ» журналдарының ұжымын мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердей басылымдар барда қазақ халқы ешкімге намысын бермейді. Ұлттың болашағы кәміл. Келешек үшін жауаптылар көп болсын!

Жанахмет АҒЫБАЕВ, «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 795

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2503
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2334
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2443
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2423
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2470