Келесі жылы Алматыда мектеп автобустарының саны 300-ге дейін артады

Келесі жылы Алматыда мектеп автобустарының саны 300-ге дейін артады

Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының «Мектеп автобусы» жобасы Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын.

Жобаның екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдау үшін қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 200 автобусты 51 мектепте 9 мыңнан астам бала тасымалдайды. Келесі жылы жобаны жалғастырып, тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда.

Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден өтінімдер түскен сайын маршруттарға шығады. Бұл- мектеп автобустары бөлінетін басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.

 

Жансая Толқынбек 

05.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 81
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 59
Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 20.01.2025 32

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13319
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12160
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15402
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14327
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19362