КЕЛЕСТЕ БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ОРЫНДЫҚ ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

КЕЛЕСТЕ БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ОРЫНДЫҚ ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
1 қыркүйек - Білім күніне орай Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бесқұбыр елдімекенінде №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 300 орындық қосымша жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариев мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі
— Баршаңызды жаңа оқу жылынының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бесқұбыр ауылында халық тығыз орналасып, жаңа білім нысанын сұранған болатын. Бүгінгі мерейлі мерекеге орай оқушыларға жаңа білім нысаны қолданысқа беріліп отыр. Мектеп ғимаратында тігін шеберханалары, спорт зал, жаңа техникалармен жабдықталған асхана, оқу кабинеттері орналасқан, - деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім мекемесінде 800-ге жуық оқушы білім алады. Биыл 1-сыныпқа 69 оқушы қабылданды. Жалпы білім ордасы 1971 жылы ашылған. Сондай-ақ, аудан бойынша бүгінде 65 білім беру мекемесі бар болса, жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 3 мектеп қолданысқа берілуі жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 32
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 110

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313