«Келісіп пішкен тон келте болмайды»

«Келісіп пішкен тон келте болмайды»
 
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков Т.Пірімқұлов көшесінің тұрғындарымен жүздесті. Аталған көшеде бүгінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 1,1 шақырымға жететін көшенің мердігері – «В grass» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ-СТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
🔹Кездесу барысында тұрғындар өздері тұратын көшеге асфальт төсемей тұрып, ескірген су құбырларын ауыстырып беруді сұрады.
- Мұндағы су құбырларының ауыспағанына талай уақыт болды. Әбден тозығы жеткендіктен, жыл сайын тесіліп жатады. Мамандардан сұрағанымызда су құбыры жекеменшік, яғни осындағы тұрғындардың меншігінде.
Қазір жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы көшеде тұратын тұрғындар кеңесе келе, өз қаражатымызға құбырларды ауыстырсақ дейміз. Дегенмен, әр үйдің жағдайы әр түрлі. Сондықтан біз өз қаржымызға керекті материалдарды сатып аламыз. Ал, ауыстыру жұмыстарына кеткен шығынды ай сайын белгілі бір мерзімге бөліп төлеуге мүмкіндік берсеңіздер, – деді жиылған тұрғындар.
🔹Өз кезегінде қала әкімі айтылған ұсынысты зерделеп, барлығы заң аясында шешілу керектігін ескертті. Сондай-ақ мұндай қадамға бару үшін осы көшеде тұратын тұрғындардың толықтай келісімі қажеттігін айтты. Дегенмен, жиылған көпшілік уақытты создырмай, тиісті мекемеге тапсырма беруді сұрады.
🔹Тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ түрген шаһар басшысы «Жамбыл-су» мекемесіне кететін шығынды нақты есептеп, осындағы халықпен тағы да жиын өткізуді тапсырды.
Енді бірер күнде кететін шығын қаражаты есептеліп, Т.Пірімқұлов көшесінің тұрғындарына ұсынылады. Егер де, көше тұрғындары толықтай келісімге келетін болса, жол жөндеу жұмыстары тоқтатылып, су құбырын ауыстыру жұмыстары басталады.
Тараз қаласының әкімдігі
19.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651