Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі.
Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделі жоғары болу керек.
Қоғамдық ұйымдар аты айтып тұрғандай, билік пен қоғамның арасындағы алтын көпір.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмахановтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Сарысу ауданда 26 үкіметтік емес ұйымдар тіркеуде тұр. Олардың 20-і қоғамдық бірлестік, 2-і қоғамдық бірлестік филиалы, 4-і қоғамдық қорлар болып табылады. Ауданда қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына қолдау білдіру бағытындағы жұмыстар жолға қойылған.
Кеңес отырысында әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс жасап жатқан "Жаңа-Ру" жастар коалициясының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Асхат Олжабаев, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің өкілі Қуаныш Қияшов, "Адал қоғам" қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі Шерхан Бейсенбайұлы атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Жиын барысында өзге де үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өз ойларын ортаға салды.
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысындағы мүмкіндіктер мен туындайтын мәселелер айтылып, талқыланды.
Кеңесті төрағалық етуші Е. Есмаханов қорытындылап, көтерілген мәселелеге байланысты тапсырмалар берді.