Кеше-бүгін: Арубаев пәтер тұрғындарының мәселесін реттеді

Кеше-бүгін: Арубаев пәтер тұрғындарының мәселесін реттеді

Кеше  Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев Аса ауылы «Бәйтерек» ықшам ауданындағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Естеріңізде болса, тұрғындар өтініші бойынша 2020 жылы өңір басшысы мұндағы кәріз жүйесіндегі кемшілікке көз жеткізген еді.

Айталық, бастапқыда яғни, 2018 жылы екі қабаттан тұратын тұрғын үй тұрғызылған. Кейін жапсарлас тағы осындай пәтер салынып (2019 жыл), кәріз жүйесіндегі сорғыш құрылғысының қуаттылығы екі нысанға қызмет көрсетуге жетпеген.

 Салдарынан ұңғымыдан су сорғыш техникасы тәулігіне бірнеше мәрте тұрмыстық ағындыны алып, тазалауға мәжбүр болған. 

Жұртшылықтың талап-тілегін ескерген өңір басшысы келер жылы бұл жұмыстар реттелетінін сол тұста айтқан еді.(Суретте. 24.09.2020ж)

Бүгінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарына мемлекеттік "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде қаражат қаралып, құбырлар тартылуда.

Ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын кәріз құбыры шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазарту жүйесіне барып қосылады.

Мердігер компанияның сөзіне сүйенсек, жұмыстардың 75 пайызы аяқталған. Жыл соңына дейін кәріз жүйесі іске қосылатын болады.

Құрылыс жұмыстарын көрген Сәкен Қаланұлы талаптардың сақталуына, сапаға зерделеу жүргізілетінін айтып, халық қажетіне жасалған игілікті кемшіліксіз жасау керектігін ескертті.

 – Бұл көптің көңілінде жүрген жайт болатын. Жұмысшыларда, тұрғындарда әбігерге түскен. Жуық арада оның бәрі артта қалады. Жасалған жұмыста кесшілік болмауы қажет, - деді аудан әкімі сала басшыларына.

"Сөзден – іске" демекші, бұл пәтер иелерінің көңілін күпті еткен мәселе еді. Бүгінде шешімі табылып отыр.

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы
19.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840