Кешенді жоспар бекітілді

Кешенді жоспар бекітілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде құмар ойындарының жолын кесу жөнінде күрес бұрынғыдан қарқын ала түсті. Қазірге дейін бұл дертпен күресудің қажеттілігі туралы саяси партиялар, қоғам белсенділері де үн қосып келгені мәлім. Азаматтардың алаңсыз өмір сүруі мен қоғамдық тәртіптің орнықтылығы, қаржылық алаяқтық сынды маңызды факторларды ескере отырып, Үкімет 2024 жылы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы қаулыны қабылдады. Екі жылға арналған бұл жоспарға барлық құзырлы мекемелер атсалысатын болады. Жоспардың науқан ретінде қалып кетпейтіндігі де белгілі болды. Үкімет қаулысында «жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтар мен 15 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын» деген белгілеме анық жазылған.

Кешенді жоспар аясында екі жыл ішінде атқарылатын жұмыстардың ауқымы анықталып, жүзеге асыру шаралары да нақтыланғандығын айта кеткен жөн. Мысалы еліміз бойынша 350000 шамасында құмарпаз адамдар бар десек, екі жыл ішінде бұл көрсеткішті 50400 адамға дейін азайту көзделген. Бұл үшін мемлекет мынадай шараларды қолданатын болады. Лудоманияға біржолата берілген адамдарды мемлекет есебінен тегін емдеп, (психикалық жақтан) сауықтыратын болады. Бұдан бөлек интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттарды қатаң бақылауға алып, бұғаттайтын болады. Осылайша ғаламтор арқылы жүргізілетін құмар ойындарының жолы кесіледі. Бұл кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін мемлекет есебіне арнайы қаражат қарастырылмаған, «барлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың қолданыстағы бюджеттік лимиті шеңберінде және бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырылатын болады», – делінген Үкімет қаулысында. Яғни жоғарыдан қаражат бөлінбеді деп, жұмысты кейінге шегеруге негіз жоқ деген сөз. Тағы бір маңызды тұсы бұл жоспардың орындауға тікелей мүдделі мекемелердің қатарында Ұлттық Банк, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қатысады деп күтілуде. Себебі қыруар қаржы шетел асып жатқандығы белгілі. Сондықтан Ұлттық банк сынды құзырлы органның атсалысуы қаржылық бақылауға үлкен мүмкіндік беретін болады.

 

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
27.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.07.2024 41
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Ұлбике Әлібекқызы , Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - 30.06.2024 40
"ТАУ САМАЛЫ" ЛАГЕРІНЕ 200 БАЛА АТТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 44
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 24

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1904
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1540
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2666