«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?

«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?

Білімді, жан-жақты,  қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Еліміздің болашағының жарқын болуы өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне байланысты. Ал «тәрбие тал бесіктен» басталса, білім баспалдағы балабақшадан басталады. Шындығында, ел дамуы білім сапасына тығыз байланысты.  Сондықтан болар, бүгінде технология дамыған заманда бәсекеге қабілетті, білімді жастарды, мықты мамандар мен білікті кадрларды даярлау – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бұл тұрғыда, ұрпақ тәрбиесімен айналысып келе жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен балабақша ұйымдарындағы маңызды мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну жоғары маңызға ие болып отыр.

Заманауи балабақшалардың мәселесін қарап, құзыретті ұйымдарға ұсыныс білдіру күн  тәртібінде тұр. Атап айтқанда,  заманауи үлгіде салынған балабақшалар мен баланың жасына лайықты, оған қызықты да пайдалы болатын және оның дамуына ықпал ететін ойыншықтар жоқтың қасы.

 Сонымен қатар, балалар әдебиетінің бүгінгі ахуалы да көңіл көншітерлік емес. Салдарынан балабақша балаларына үйрететін заманауи тақпақтар мен ертегілер де жоқ. Бүгінгі заман басқа. Туындылар заманауи тұрғыда түрлену қажет. 

 Одан кейінгі мәселе – балабақшалардағы тамақтану жағдайы. Жалпы балаларды қалай тамақтандырып жүрміз? Балаларымыз әсіресе ұлттық тағамдардан нәр алса деген арманымыз орындалмай тұр. Қай жағынан алып қарасақ та, мәселе шаш етектен. 

 «BilimInvest» білім беру саласындағы инвесторлардың ұлттық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігі 26 сәуір күні Алматы қаласында жекеменшік балабақша құрылтайшыларына арналған «Балалық шаққа инвестиция» атты ІV республикалық форум ұйымдастырып отыр. Бүгінде «Bilim Invest» Ұлттық республикалық қауымдастығына 538-ден астам балабақша мен 17 мектеп мүшелікке кіреді. 

Аталмыш форумға: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің арнайы өкілі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты», «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Республика бойынша «Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен балабақша ұйымдарының» құрылтайшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, Білім саласының мамандары және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, форумда мамандардың жұмысы, тәрбиешілердің біліктілігі мен мәртебесі, ауыл-аймақтарда 4 топтық балабақшалардың жетіспеушілігі, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы мәселелер қамтылмақ.

 

Жансая Толқынбек

 

 

 

01.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 30
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 221
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9474
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12710
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11680
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16692