"ТАУ САМАЛЫ" ЛАГЕРІНЕ 200 БАЛА АТТАНДЫ

"ТАУ САМАЛЫ" ЛАГЕРІНЕ 200 БАЛА АТТАНДЫ
Лагерь – тек балалардың тынығып, сауық құратын мекені ғана емес, өскелең ұрпақ үшін маңызы зор тәрбие ошағы.
Оқушының лагерде танымы кеңейіп, ойы бір адым болса да өрістейді. Жаңа достар табады, жаңа ортамен тіл табысып, қарым-қатынас жасауды үйренеді, бойында көпшіл мінез қалыптасады.
Бүгін қала сыртындағы жазғы лагерге, атап айтқанда, Жуалы ауданындағы "Тау самалы" лагерінің екінші маусымына ауылдық елді мекендерден 200 баланы салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, тиісті сала басшылары, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Шара барысында Сарысу аудандық аналар кеңесінің төрайымы Светлана Қожаназарова сөз сөйлеп, демалуға бара жатқан балаларға ақ жол тіледі. Балалардың жақсы тынығып, лагердегі шараларға белсенді атсалысып, демалысын қызықты әрі көңілді өткізулеріне тілектестігін білдірді.
Айта кету керек, бұған дейін "Тау самалы" лагерінің бірінші маусымына ауданнан 100 бала демалып қайтты. Жалпы, биылғы жаз маусымында қала сыртындағы лагерлерге ауданнан 500 бала барады деп жоспарланған.
Сарысу ауданы әкімдігі
30.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.07.2024 143
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Ұлбике Әлібекқызы , Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - 30.06.2024 137
"ТАУ САМАЛЫ" ЛАГЕРІНЕ 200 БАЛА АТТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 122
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 89

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1067
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 623
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1945
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2708