КЕЗДЕСУ: ТОҒЫЗТАРАУ АУЫЛЫНДА БІРҚАТАР ЖҰМЫС АТҚАРЫЛҒАН

КЕЗДЕСУ: ТОҒЫЗТАРАУ АУЫЛЫНДА БІРҚАТАР ЖҰМЫС АТҚАРЫЛҒАН
Мемлекет басшысының 2022 жылы наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Тоғызтарау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков, Ербол Жиенқұлов, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Кездесуде округ әкімі Нұрәділ Төлеков округте атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларға тоқталып өтті.
Аудан басшысы Ерлан Қыдыралыұлы өткен кездесуде тұрғындардың талап-тілектері орындалғанын атап өтті.
Округте 845 аула бар.
Тоғызтарау ауылындағы балалар ойын алаңы мен ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш ағымдағы жөндеуден өтсе, Жаңаөткел ауылының кіреберіс және шығаберісіне бейнебақылау камералары орнатылған. Тоғызтарау ауылфнда кіші футбол алаңы салынып, жергілікті әкімдік ғимаратының құрылысы игілікке берілген.
“Ауыл аманаты” жобасы аясында жеңілдетілген несеге 78 аула өтінім білдірген.
Бүгінде ауыл шаруашылық кооперативі құрылып, жұмыстар басталуда
Жаңаөткел ауылында 5 келушіге арналған медициналық пунктінің құрылысы аяқталған.
Емдеу мекемелері бойынша
Тоғызтарау ауылдық медициналық пункт - 5 келушіге арналған. Жаңа медициналық пункт соғуды қажет етеді.
Жаңа өткел ауылдық медициналық пункт -5 келушіге арналған.Жаңа медициналық пункт соғылып, құрылысы жұмыстары және басқада игіліктер аяқталған.
Аудан басшысы алдағы округте атқарылатын жұмыстар туралы да айтып өтіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Жамбыл ауданы әкімдігі
14.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1488
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7523
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11400
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7565
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7725