Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтеді?

Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтеді?

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы алты рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 және 2019 жылы. Оның басым бөлігі кезектен тыс болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», – деді.

Үндеудің жарияланғанына он күн өтсе де, әзірге кезектен тыс президент сайлауының нақты қай күні өтетіні белгісіз. «Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауы мемлекет басшысының шешімімен тағайындалады және тағайындалған күнінен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Кезектен тыс сайлаудан кейінгі президенттің кезекті сайлауы бес жыл өткен соң Конституциялық заңда белгіленген мерзімде жарияланады.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлана алады. Одан бөлек, «Сайлау туралы» Конституциялық заң бойынша, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

Ел президентін жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Алайда жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Яғни қайта сайлануға тыйым салынады. Бұл үшін Ата заңға өзгеріс енгізілуге тиіс. Егер түзету Конституцияға биыл күзде енгізілсе, онда болашақ президент жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлануы мүмкін. Айта кетері, қазіргі Конституция бойынша бір адам қатарынан екі реттен артық Республика президенті болып сайлана алмайды.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан астамының дауысын алған кандидат президенттікке сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды. Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы, мәжілістің экс-депутаты Дариға Назарбаева алдағы президенттік сайлауға қатыса алатынын мәлімдеді. Парламенттегі екі партия Тоқаевтың кандидатурасын қолдап отыр. «Amanat» партиясы алдағы кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды. Бұл туралы таяуда бұрынғы партия төрағасы, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев – президенттікке лайықты кандидат. Алайда сайлауға қай партиядан немесе қоғамдық бірлестіктен баратынын президенттің өзі шешеді. Қошановтың өзі президент сайлауына түсуді жоспарлап отырмағанын, оған қатыспайтынын ашық айтты.Ермұхамет Ертісбаев басқаратын Қазақстан халық партиясы да кезектен тыс президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысының кандидатурасын қолдайтынын жариялады.Ал «Ақ жол» партиясының президент сайлауына кімді ұсынатыны әзірге белгісіз.

 

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633