Кінәсі сотта дәлелденсе, жауапкершілікке тартылуы керек!

Кінәсі сотта дәлелденсе,  жауапкершілікке тартылуы керек!

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат бергенін хабарлапты. Сонда оған экс-президент: «Біз Қазақстанда көп жылдан бері құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидасы – заң баршаға бірдей. Егер менің туыстарымның бірі менің атымды жамылып заң бұзса, онда олар тиісті жауапкершілікке тартылуы керек. Кінә сот тәртібімен дәлелденуге тиіс. Сондай-ақ, әрбір азамат заң бойынша қорғануға құқылы. Мәселен, Рахат Әлиевке қатысты оқиғаны ешкім ұмыта қоймаған болар деп ойлаймын. Ол менің қызымның күйеуі, немерелерімнің әкесі болды. Өзімнің ұлым сияқты болды. Сөйте тұра мемлекет оның заңсыз әрекеттеріне көз жұмған емес. Сот төрелігімен сотталды. Бірақ ол өмір бойы жасырынып жүрді. Кісі қызығы қоймайтын тағдыр», — деген көрінеді. Оның мұнысы жүрекжарды шындығы ма, шығарып салма сөзі ме, кім білсін?

Ермек Сахариев
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20358
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18994
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22459