Кірпік қаққанша жазылған кітап

Кірпік қаққанша жазылған кітап

Инсульт алғаннан кейін сал болып қалған француз жазушысы, журналист Жан-Доминик Боби кірпік қағу арқылы тілдесу тәсілін қолданып 140 беттік бір кітапты жазып шыққан. Осынау таңғажайып өмірде болған оқиғаны сіздерге баяндай отырып, адамның күш-жігерінің құдіретін айтқымыз келеді. Қандай қиындыққа тап болсаңыз да мойымаңыздар!

Адам тілсіз, дел-сал, бейшара күйде қалғанда көкірегін кернеген сансыз сезімдер мен арман-қиялы денесіне шыпылдап симай, арнасынан төгіліп, өзегін өртеп жан дүниесін қайғыға душар етеді. Мұнша қайғылы күйге тап болған жанның сал күйі жата бермей, 140 беттік кітапты жазып шығуы ғажайып емес пе?! 

Сән-салтанатқа толы өмір сүріп, оқыс жағдайда инсульт алып, бейшара халге түскен Жан-Доминик өзінің шығармасында өткенге үңілуге, өмірдің мәнін іздеуге немесе әлденені түсіндіруге тырыспайды. Ол естеліктерден қиялға, қиялдан түстерге, армандарынан небір сезімдерге құлаш сермейді. 

Кітапты жазу үшін 200 000-нан астам жыпылықтау керек болды.

Elle France журналының бас редакторы, Жан-Доминик Бобиге тағдыр 43 жасқа дейін бәрін де берген: мансап, мәртебе, байлық және отбасы. Бір қарап, оның шырғалаңға дейінгі өмірін былай суреттеуге болады: сүйікті журналындағы жұмыс, түрлі жерлерге саяхат, маңызды кездесулер және Париждегі ең керемет мейрамханаларда жайбарақат тамақтанып отыру. Барлығы 1995 жылдың 8 желтоқсанында күрт өзгерді. Боби Парижден жаңа BMW спорттық көлігін мініп ұлымен жолығу үшін жолға шығады. Алайда кенеттен сырқаттанып, ауруханаға түседі. Боби осы алған инсультынан кейін толықтай сал болып оянады. Қозғалуға да, сөйлеуге де мұршасы жоқ. Оның жансыз денесіндегі жалғыз тіршілік белгісі кірпік қағу ғана.  Дәрігерлер «Locked-in-syndrome» (құлыптаулы синдром) деген диагноз қойды. Бұл айықпас ауруды жеңу мүмкін емес десе де болады. Санасы ояу, ақыл есі бола тұра Бобби  арнайы құрылғыларсыз және біреудің көмегінсіз қозғала алмады, сөйлей алмады, тіпті тамақ ішіп, тыныс ала алмады. Оның ендігі қалған өмірі осыншалық қайғылы және шарасыз болар еді... Алайда ол сыртқы әлеммен жалғыз байланысы, яғни, жыпылықтау арқылы өзініғ жан дүниесінде болып жатқан бұлқыныстарды, сезімді жеткізе алды. Бір рет кірпігін қағу «иә», екеуі  «жоқ» дегенді білдіреді. Уақыт өте келе достары мен дәрігерлері пациентпен сөйлесудің тағы бір әдісін ойлап тапты: олар француз тілінде қолдану жиілігіне қарай әріптерді ақырын айтып, нәтижесін дәптерге жазды. Дәл осы идеяның арқасында Боби ақырғы демі үзілгенше өзінің әңгімесі жайлы бар әлемге «үн» қатты. Екі айдан астам уақыт бойы медбике күн сайын арнайы әзірленген алфавитті оқыды, ол қалаған әріпке көзін жыпылықтатып белгі беріп отырды. Жан-Доминик бұл қиын процесті қандай да бір жолмен жеңілдету үшін басындағы барлық сөз тіркестерін, ойларын, сөйлемдерін бірнеше сағат бойы толғанады. 

Ол өзінің кітабын «Скафандр мен көбелек» деп атады. 1997 жылдың 6 наурызында басылып шығып, жарық көргеннен кейін 2-ақ күн өткен соң Жан-Доминик Боби қаза тапты. Он жылдан кейін американдық режиссер Джулиан Шнабель фильм түсірді, фильм көпшілік арасында кеңінен таралып, ерекше танылды. Көптеген беделді номинациялар мен марапаттарға иегері атанды.

Өмірінің соңы дәрменсіздік пен қорлыққа, азапқа толы болғанына қарамастан, ол әлемдік әдебиет пен кинематографияда өз ізін қалдырып барып дүниеден өтті.

 

Дидар ҚАЙРАТ
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791