Кісі ақысы қарғысқа ұшыратпасын!

Кісі ақысы қарғысқа ұшыратпасын!

Екі-үш күн бұрын «Тик-ток» желісінен бір өзбек жігіті Алматыда «Ақсай» ықшамауданындағы «Айша» деген хостелге айына 300 мың теңге төлейтін болып жұмысқа шақырылғанын, алайда ешқандай келісім-шарт жасалмай, екі айдан соң бір тиын ақша төлемей, өзін кемсітіп қорлап, боқтап қуып жібергенін орасан ренішпен айтып тұрғанын көрдім.

Исі қазақтар көрінеді. Қарадан тұрып біз ұялдық. Жұмыс берушілеріне арнаған нәлет қарғысы да құлағымызда қалды. Нарықтық қатынастар кезі болған соң ба осындай кісі ақысын жейтін, жұмыстарын жасатып алып, артынан ештеме көрмегендей безеретіндер көбейді. Танымал М. деген әншінің үйіне күрделі жөндеу жасатып алып, құрылысшыларды құрқол айдап шыққаны, әлем чемпионы С. деген спортшы сылақшы келіншектердің ақысын төлемей қойғаны, өзін елге тұтқа санайтын бір дөкей жас көмекшісін екі жыл бойы емексітіп жанында ұстап, ақыры сиырқұйымшақтатып ақысын бермей қуып жібергені, Н. деген кәсіпкер жігіттің екі қабатты үйін салдыртып алып, құрылысшыларға ақшасын бермей зар қақтырғаны сияқты жағдаяттар ел ішінде көп. Әлгіндей озбырлыққа көбіне даяшылар, бақташылар, күзетшілер, құрылысшылар, қара жұмысшылар ұшырап жатады. Бұл өзі кеңінен тарап бара жатқан теріс құбылысқа ұқсайды. «HeadHunter» зерттеу орталығы өткен жылы 2 мыңдай адамның арасында онлайн жүргізген пікіртерім нәтижесіне қарағанда сұрау салынғандардың 84 пайызы жұмыс іздеген немесе жұмысқа тұрған кездерінде алдау әрекеттеріне тап болғандарын айтқан. Адам баласы дініне, ұлтына, нәсіліне қарамастан Алла алдында да, заң алдында да бәрі бірдей. Асыл дінімізде «Біреудің еңбегінің ақысын жейдесінің тері кепкенше бер» дейтін қағида да бар. Алла Тағала өз ақысын кешіргенімен құлдарының арасындағы ақыны олардың өздеріне қалдырған. Алдауға ұшырамау үшін жұмысқа тұрар алдында келісім-шарт жасалуын талап еткен де тиімді. Білуге тиісті нәрсе сол – біреудің ақысын жегенді ақысы желінген адам кешірмей Алла кешірмейді. Қарап отырсаңыз, біреудің ақысын жеген озбыр ерте ме, кеш пе өзі сонысының зардабын тартқанын көресің. Айталық тілге тиек болған әлгі әнші екі қабат үйін банкке кепілге қойып ақша алып, ақыры сол үйінен айырылып қалды. Ал Н. деген кәсіпкер үйін казинода ұтқызды. Аузымен құс тістеген дөкей инсультке ұшырап, арбаға таңылды. Чемпион істі болып, темір торға тоғытылды. «Бұл дүниенікі о дүниеге кетпейді» деген осы! Сондықтан кісі ақысын жеп қарғысқа қалмайық, ағайын!

Марат ТОҚАШБАЕВ, жазушы, публицист
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 24
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 45
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 21
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 25
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 21
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 47
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 45
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 253
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 875

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8949
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8343
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11569
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9327
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10553