Кодексті жүзеге асыру тәсілдері, ерекшелігі

Кодексті жүзеге асыру тәсілдері,  ерекшелігі

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енді. Бұл кодекстің негізгі мақсат, міндеті – жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін, әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау құралы болып табылады. 

Бүгінде еліміз әлеуметтік-экономикалық салада күрделі кезеңдердің бірін бастан кешуде. Бір жылдағы пандемия бүкіләлемдік экономиканың құлдырауына әкелді, бұл бәрімізге әсер етті. Болып жатқан әлемдік процестер мен жаһандық сын-қатерлер бүкіл әлемді, оның ішінде біздің мемлекеттік институттардың және тұтастай мемлекеттік басқарудың  жұмысын қайта форматтауға алып келді.

ҚР ӘРПК-ні іске асырудың нақты және егжей-тегжейлі тетіктерін әзірлеу, оның ережелерін түсіндіру бойынша белсенді және мақсатты жұмыс жүргізу қажет, мемлекеттік орган ішінде сотқа дейінгі талқылауды қарау тәртібін айқындау, мемлекеттік басқару жүйесінде заңдылықтың сақталуына жауапкершілік пен бақылау белгілеу өте  маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселесі ұзақ уақыттан бері талқыланды.

Жалпы қабылданған ҚР ӘРПК екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімі – әкімшілік рәсімдер туралы, екінші бөлімі – сот процесін жүргізуге арналған. ҚР ӘРПК қағидаларына назар аударатын болсақ, мөлшерлестік, сенім құқығын қорғау, анықтық презумпциясы сияқты бірнеше жаңа қағидалық түсініктер енгізілген.

ҚР ӘРПК-нің қабылдануымен мемлекеттік органдарда ішкі әкімшілік рәсімдердің өзгеруіне байланысты азаматтардың өз мүдделерін тиімдірек қорғауға ықпал етіп, азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарда жолданымдарын қарау тәртібін нақты айқындауға мүмкіндік берді, ал әкімшілік орган мен лауазымды адамдардың заң шеңберіндегі  әрекеттері халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруына алып келеді. Сонымен қатар жоғарыда тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу болып табылады.

Кодекс бірыңғай заңнамалық актіде Әкімшілік рәсімдер мен қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы сот ісін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, қағидаттарын, ережелерін белгілейді. ӘРПК – сот ісін жүргізудің төртінші түрі. Осыған байланысты елімізде жаңадан құрылатын әкімшілік соттар жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды ерекше қарайтын болады. Әкімшілік Әділет институты Қазақстан Республикасында іске асырылатын жаңа және ауқымды жоба болып табылады, оның тиісті дамуынан барлығы: адам, қоғам, мемлекет болуы тиіс. Әкімшілік сот ісін жүргізудің  басты қағидаты – соттың белсенді рөлі болып табылады. 

Жаңа Кодекс мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін бермек. Әкімшілік процестің жаңашылдықтарына талап қою түрлері, сот талқылауының шектері және сот бақылауы да жатады. Әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етеді. 

Жаңадан қабылданған Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі азаматтардың құқығын сапалы қорғап, заң үстемдігін сақтаудың кепілі болмақ.  

 

Нурлан ГУБАШЕВ, Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9219
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824