«Көк» статусты астаналықтар үшін бірнеше шектеу алынды

«Көк» статусты астаналықтар үшін бірнеше шектеу алынды

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қаланың бас санитар дәрігерінің 22 ақпандағы № 5 қаулысына түсініктеме берді.

Аталмыш құжатта ҚР бас санитар дәрігерінің бірнеше қаулысына сілтеме берілген болатын. Департаменттің баспасөз қызметі сілтеме ұсынған қаулылардың мәнін ашып, ақпарат ұсынып отыр. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2022 жылғы 22 ақпандағы бас санитариялық дәрігерінің № 5 қаулысы Қазақстан Республикасының БМСД қолданыстағы қаулыларына сілтемемен жасалды. Олар бойынша сары және жасыл аймақтарда «көк» және «жасыл» мәртебесі бар келушілер үшін ашық қосымшасына қатысушы объектілерінің қызметіне шектеусіз (уақыты мен толтырылуы бойынша) рұқсат етіледі»,- деп жазылған қаулыда.

Атап айтсақ, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караокеге, түнгі клубтарға, ойын клубтарына, спорт кешендеріне, фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, бассейндерге бару кезінде бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін шектеулер алынып тасталды. «Адамдар көп жиналатын салтанатты, естелік, отбасылық, спорттық, ойын-сауық іс-шараларын, конференцияларды, форумдарды және өзге де іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ діни объектілерге қауіпсіз «жасыл» мәртебемен қоса бейтарап «көк» мәртебе иелеріне кіруге рұқсат етіледі»,- делінген департаменттің мәліметінде.

23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5444
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5597
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19196
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22659