Аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 8 азамат келіп, көкейкесті мәселелерін көтерді.
Бүгінгі қабылдаудағы азаматтардың негізгі көтерген мәселелері — тұрғын үй кезегіне тұру, әлеуметтік көмек, азаматтық алу, уақытша баспанамен қамтамасыз ету.
Сәкен Үмбетұлы тұрғындармен әңгімелесіп, жағдайларын тыңдап,
көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін айтып, өтініш, талаптарын жазып алды.