Көкшетаудағы «Сәлем, Елорда!» өнер шеруі

Көкшетаудағы «Сәлем,  Елорда!» өнер шеруі

Биылғы жылдың 12-14 қазаны аралығында Көкшетауда «Сәлем, Елорда!» аймақтық өнер шеруі өтіп жатыр. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, аймақтық өнер керуені 12-14 қазан аралығында «Сәлем, Елорда!» тақырыбымен 2 республикалық өнер шеруі аясында болады. Салтанатты ашылу рәсімі 12 қазан күні сағат 09:00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола филармониясының үлкен залында өңірлік делегациялардың қатысуымен басталды. Жоба бағдарламасына облыстық филармонияларда СММ, арт-менеджмент және хореография саласындағы мамандар үшін, сондай-ақ кітапхана басшылары үшін үш күндік мастер-кластар енгізілді. 13 қазанда өнер шеруіне қатысушылар үшін «Шыңғыс хан» спектаклі, сондай-ақ Ақмола облысының хореографиялық ұжымдарының концерті ұсынылады. 14 қазан күні сағат 11:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында барлық өңірлердегі халық шығармашылығын дамыту орталықтары, филармония және концерттік ұйымдар басшыларының көшпелі жиналысы болмақ. Мәдениет және спорт министрлігі шеруге қатысушыларымен консультативтік жиналыс өткізеді. Барлық іс-шаралар «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайларында, Үкілі Ыбырай атындағы филармонияда және Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында болады. «Сәлем, Елорда!» – тәжірибе алмасу, мәдениет пен өнер саласындағы дағдыларды, республиканың үлгілі орындаушыларын жаппай ілгерілетуді мақсат тұтқан. Өнер шеруі 14 қазан күні сағат 17:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында гала-концертпен аяқталады. Айта кетсек, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен «Көкшетау қаласына – Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесі берілді. Осыған орай, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы еліміздің 16 өңірімен бірлесіп, іс-шаралар жоспары бойынша Жол картасына 500 іс-шара енгізді. Бүгінгі таңда бұл шаралардың 200-ден астамы өткізілді.

Ермек Сахариев
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5564
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5711
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22776