Көлікті онлайн тіркеу көрсеткіші бойынша жамбылдықтар көш басында

Көлікті онлайн тіркеу көрсеткіші бойынша жамбылдықтар көш басында

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бірқатар жамбылдықтармен және облыста өтіп жатқан «ZHEIF-2023» форумының қатысушыларымен кездесті.

Министр алдымен жиналғандарды киелі Әулиеата жерінде өтіп жатқан халықаралық форумның ашылуымен құттықтап, ауқымды шараның маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықпен кездесіп отырғанын айтқан министр елімізде цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ісі тиісті деңгейде дамып келе жатыр. Жетістіктер де аз емес. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы автоматтандырылған және электронды форматқа ауысқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісіне сәйкес, Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемде 8-ші орында болса, телекоммуникация саласында 28-орынды иеленген.

Жыл сайын халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрі де артып келеді. Бүгінде тұрғындарға осындай қызметтің 1315 түрі көрсетілуде. Өткен жылы Жамбыл облысында 1 миллион 800 мың қызмет көрсетілген болса, оның 60 пайызы онлайн түрде жүзеге асырылған. Айталық, көлікті онлайн тіркеу бойынша жамбылдықтар республика бойынша бірінші орында тұр.

Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласындағы мәліметтерді толықтай цифрландыру жүзеге асырылуда. Басқа салалар да бұл жаңашылдықтан тыс қалмайтын болады.

Сондай-ақ, Тараз қаласы өткен жылдың қорытындысы бойынша Smart City рейтингіндегі позициясы өткен жылдармен салыстырғанда жақсара түскен.

Қаланың сәтті жобасының бірі ретінде жолақыны электронды төлеу жүйесін атауға болады. 2022 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 98 пайызды құрап, ол көлеңкелі айналымнан қаражат шығаруға және салық түсімдерін 3,5 есеге арттыруға мүмкіндік берген.

Осы және басқа да цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға, ондағы кездесіп отырған кемшіліктерді жою мәселелеріне жан-жақты тоқталған Бағдат Мусин тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

Жамбыл облысының әкімдігі
26.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678