Көлікті сақтандыру саласындағы өзгерістер

 Көлікті сақтандыру саласындағы өзгерістер

     Халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кең таралған. Ол Еурохаттама ретінде баршаға белгілі. Қазіргі кезде Еурохаттама Еуропаның көптеген елдерінде және ТМД-ның Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Өзбекстан сияқты бірқатар елдерінде ұсынылған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан мәліметке сенсек, Еурохаттамаға сәйкес жол-көлік оқиғасы (ЖКО) туралы құжаттар жеңілдетілген түрде ресімделеді, ондай ресімдеу жол полициясының қызметкерлері қатыспай және сот шешімі шығарылмай жүзеге асырылады. Бүгінгі күні жолдарда зардап шеккен адамдарсыз және ЖКО қатысушылары болып табылмайтын тұлғалардың мүлкіне зиян келтірместен көптеген елеусіз ЖКО орын алуда. Сақтандыру төлемін алу үшін ЖКО қатысушылары жол полициясы қызметкерлерінің келуін күтеді, хаттамаларды толтырады және сот шешімін күтеді. Көбінесе бұл процесс екі айға жуық уақытты алады. Сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі заң жобасын қарау барысында Мәжіліс депутаттары Еурохаттама қағидаты бойынша ұсақ ЖКО кезінде сақтандыру төлемін алу тәртібін жеңілдету туралы мәселені көтерді. Мәжіліс депутаттары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда Еурохаттаманы енгізу үшін қажетті заңнамалық нормаларды дайындау жұмыстарын жүргізді. Сақтандыру жағдайын реттеудің қолданыстағы тәртібімен қатар:

ЖКО екі көлік құралының соқтығысуы нәтижесінде орын алған; ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушыларының көлік құралдарына ғана зиян келтірілген (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған кезде үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпеген);  – ЖКО қатысушыларында сақтандыру полисі болған; ЖКО-ға қатысушыларда ЖКО-ға кінәліні анықтау мәселесінде келіспеушілік болмаған;

ЖКО-ны ресімдеу сот шешімінсіз және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылған;

сақтандыру төлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК шегінде жүзеге асырылған жағдайларда Еурохаттаманы қолдану болжанады. Осылайша, бұл рәсім ЖКО-ны ресімдеу және зардап шеккен адамдардың сақтандыру төлемін алу мерзімін айтарлықтай қысқартады. ЖКО-ны ресімдеу ЖКО-ның қатысушылары қандай сақтандыру компаниясында сақтандырылғанына қарамастан Бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады. Еурохаттаманы енгізу сақтандыру төлемдерін алу рәсімін жеңілдетуге, бірыңғай мобильдік қосымшаны пайдалана отырып бүкіл процесті цифрландыруды қамтамасыз етуге, ЖКО-ны ресімдеу кезінде жолдарда кептелістердің пайда болу санын азайтуға мүмкіндік береді.

Ермек Сахариев
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779