Командалар арасында көкпардан Талас ауданы әкімінің кубогы өтті

Командалар арасында көкпардан Талас ауданы әкімінің кубогы өтті
0
♦Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай, Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округінің Тамабек ауылының Жолтай ата атшабарында командалар арасында көкпардан “Наурыз-2022” атты Талас ауданы әкімінің кубогы өтті.
♦ Аталмыш жарыстың мақсаты — аудан аумағында ат спортын дамыту және аудан құрама командасын жасақтау болып табылады.
♦ Көкпарға Талас ауданының ауылдық округтерінен құралған барлығы 13 команда жиналды. Олар: С.Шәкіров ауылдық округінен 2 команда, Ақкөл ауылдық округі, Ойық ауылдық округі, Тамды ауылдық округі, Есейхан ауылы, Бөлтірік шешен ауылы, Аққұм ауылдық округі, Бостандық ауылдық округі, Талапты ауылы, Майтөбе ауылы, Қызыләуіт ауылы және Қаратау қаласының командасы.
♦ Көкпар додаға түспес бұрын спортшылар ауыл ақсақалдарының батасын алды. Ойын барысында көкпар жүргізушісі мен ауыл ақсақалдары Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекке, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ш.Рысбекке, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының директоры Саят Балтабекұлына және Тамабек ауылының тұрғындарына үлкен алғыстары мен ризашылығын жеткізді.
♦ Көкпардың қорытындысы:
1-орын Аққұм ауылдық округі — Талас ауданы әкімінің кубогымен және медаль, грамоталармен, сонымен қатар 100.000 тенге иегері атанды.
2-орын Ойық ауылдық округі — 60.000 теңге және медаль, грамоталармен марапатталды.
3-орын С.Шәкіров ауылдық округі — 40.000 теңге және медаль, грамоталармен марапатталды.
♦ Командалық көкпар аяқталған соң жаппай көкпар болып, 150-ге жуық адам қатысты.
 
Талас аудан әкімдігі
21.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591