Мәдениет және спорт министрлігі: «Қазақстандық конькимен жүгіруші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің финалында алтын медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта жүгіріп өтті. Бұл нәтиже оған жеңіс тұғырын бағындыруға мүмкіндік берді. Нидерландылық конькиші Пьен Херсман күміс медаль иеленсе, итальяндық Серена Паркер үштікті түйіндеді. Бұдан бөлек, Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта жалпы есепте жеңімпаз атанды. Дәл осы қашықтықта жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті», – деп жазды. Жарысқа 28 елден келген 218 спортшы қатысты.