Консорциумдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Консорциумдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қазіргі жұмыстары мен қаржылық жағдайы және алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы есеп берілдіКездесу барысында Каспий құбыр желісі консорциумына қатысты ахуалға ерекше назар аударылды. Президентке айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстарының жуырда аяқталатыны жөнінде баяндалды. Бұл Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалдаудың бұрынғы көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысындағы полипропилен шығаратын кешен құрылысының барысы туралы мәлімет берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, аталған зауыттың құрылысын жуық арада аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай-газ химиясының өнімі бойынша Қазақстанның нетто-экспортерге айналуына мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін қадап айтты. 

                   

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 553
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 551

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20878
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20660
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35794
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34315
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38196