Конституция толығымен назарбаевсыздандырылды

Конституция толығымен назарбаевсыздандырылды

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген рас екен, шынында, референдумның өткенінен өтедісі қызық болды. Себебі Конституцияның референдумға шығарылатын жобасы туралы азаматтық қоғамның арасында көп әңгіме, жеткілікті талас-тартыс болды. Әсіресе Конституцияның 44-бабына – Президенттің құзыретіне қатысты.

«Кешенді өзгерістерді кемел тұлғалар жасайды» деген мақала жазып, президенттік-парламенттік басқару жүйесіне өткеніміз жақсы-ақ болар еді деп, алдын ала өзіміз де ойымызды айттық. 

 

Әрине, президенттік-парламенттік басқару жүйесін де, тіпті бірыңғай парламенттік басқару жүйесін де Президентіміз Қасым-Жомарт   Тоқаев әбден жақсы біледі. Мұндай басқару жүйесіндегі мемлекеттерге әлденеше қайта барып, қарыштап дамып отырғанын көзімен көріп жүр. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұндай басқару жүйесіне көшіруге асықпауының өзіндік себептері де бар деп ойлаймын.

Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлы  Қазақстанның билігіне жолдан қосылған көп шенеуніктің бірі емес, Елбасымен бірге жүріп, осы мемлекетті құрушылардың алдыңғы легінде жүрген, өзіндік ойы өрілген тұлға. Сондықтан да ол кісі отыз жыл бойы болған келеңсіздіктер мен әділетсіздіктердің бәрін біледі және оны мүмкіндіктің барынша қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Сол үшін, өзі айтқандай, күшті президенттік құзырет керек. Парламент күшейіп, президенттік құзырет әлсіреген жағдайда бұрынғы билік тұсындағы «ұрылардың» жайлы орынға шығып кету қаупі зор. 

Міне, Конституция толығымен  назарбаевсыздандырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде «Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек», – деді.

Енді, кезінде Құлыбаевтардың құлқыны үшін жасалып, бір дауыспен қабылданған заңдар мен нормативтік құжаттар да «құлыбаевсыздандырылды»...

Тоналған байлық, шетел асқан қаржы мемлекетке қайтарылуы керек. Соның бәрін өз деңгейінде жүргізу үшін, бір жағынан, күшті Президенттің айтқанын екі етпейтін осындай елпек Парламент керек.

Байқап отырмын, мұндай ойға мен ғана емес, атақты оппозиционер Ермұрат Бапи ағамыз да келген көрінеді, жақында берген бір сұхбатында «Тоқаев мырза Қазақстанның болашақ жасампаз дамуынан бұрын, өзінің президенттік билігін, өл-тіріл, сақтаудың сасық айласын армандап жүрмеген болар деген үлбіреген үмітке әлі де алдана тұрғым келеді...» – депті. Сөйтіп, Ер-аға өзінің референдумға дауыс беруге баратынын айтыпты. 

Өз басым белгіленген сайлау учаскесіне қуана-қуана барып, қолдап дауысымды бердім. 

Мен Ермұрат ағамды алданды деп ойламаймын. Өз ұстанымынан отыз жыл бойы айнымаған күрескер тұлғаның көзі бірдеңеге жетті деп түсіндім.

Алла қаласа, Президенттік-Парламенттік басқару жүйесіне де жетеміз! Мен осылай түсіндім. Қате десеңіздер, өз сөзім өзімдікі!

 

 

Ауыт МҰҚИБЕК
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10681