Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енді

Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енді

Орталық референдум комиссиясы мемлекеттік БАҚ-та референдумның қорытындылары туралы ресми хабарлама жариялады. Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Негізгі өзгерістер:

*Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді;

*Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;

*Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;

*Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;

*Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;

*Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;

*Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;

*Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;

*Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда республикалық референдум 5 маусымда өтті. Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты. Дауыс берушілердің келу көрсеткіші – 68,05 пайыз. Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Түзетулерге қарсы – 18,66 пайыз (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдердің 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.

 

Ермек Сахариев
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 402
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 388
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 385

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13474
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13449
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28566
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27244
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30751