КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ТАРИХИ МҮМКІНДІК

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ТАРИХИ МҮМКІНДІК

Жақында еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдарында «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жарияланды. Әлі де талқыланады, әрине. Жобаны жариялаудың мақсаты да – осы. Дегенмен, Ата Заңға қандай өзгерістер енгізіледі деген алаң көңіліміз орныққандай. Ең бастысы – суперпрезиденттік басқару жүйесінен түбегейлі бас тартып, президенттік республикаға айналатындығымызда. Яғни, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын тұғыр еткен басқару жүйесіне өтеміз.

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 16 наурыздағы Жолдауында жаңару мен жаңғырудың негізгі 10 бағытын айқындап берген болатын. Қазіргі таңда осы Жолдау жүктеген міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге аса бастады. 

 – Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Мұнда ең алдымен, суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы айтылып отыр. Мұндай жүйе билік институттарының қолайлы теңгерімін қамтамасыз етеді және елдің орнықты дамуына ық-пал ететін болады. Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел бо¬латынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке ай¬налдырамыз. Осыған орай күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз, – деген еді Президент. Міне, осы бағытта қайта түзіліп, қарапайым халықтың талғам таразысына ұсынылған жобаның Қазақстанның кемелдену кезеңіне кепіл боларына көзіміз жетіп, сеніміміз серпіліп отыр.

 

 Қандай өзгерістер бар сонда?

 Тәуелсіздіктің ең басты тірегі, мемлекеттің барынша бағалы құндылығы, халықтың игілігі – жер. Конституцияның 6-бабындағы 3-тармағында «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүргізеді» деп өзгертілмек. Осы баптың өзімен-ақ, талай жылдан бері азаматтардың алаңдауына негіз болып, дау-дамай, дақпыртты өршітіп келген жер мәселесіне нүкте қойылады.

 Сондай-ақ, Ата Заңымыздың 43-бабы «ҚР Президентінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс» және «ҚР Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ» деген жаңа тармақтармен толығып отыр.

 Жаңа өзгерістер мен толықтырулар арқылы Президент өзінің көп өкілеттіктерін биліктің басқа тармақтарына бөліп беруі де – халықтың билікке деген сенімін арттыратын фактор. Билік бөлінісіндегі мұндай тепе-теңдік еліміздегі саяси жүйені демократияландырудың алғышартына айналары сөзсіз. Сонымен қатар, болашақта Парламент Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 98 депутаттан тұрады (50-баптың 3-тармағы) болады. Бұл дегеніміз, қарапайым халықтың таңдауы мен пікірі ескеріледі деген сөз.   Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдерін сол өңірдегі барлық мәслихаттар депутаттарының келісімімен тағайындау (87-баптың 4-тармағы) жүйесі де – жаңарудың жарқын қадамы. Өзгерістен кейін облыс әкімдігіне ұсынылған екі үміткерге мәслихат депутаттары дауыс беретін болады. Және мәслихат депутаттарының әкімдер қызметін бағалап қана қоймай, әкімге көпшілік дауыспен сенімсіздік білдіру құқығы да (87-баптың 5-тармағы) Ата Заңның жаңа редакциясында қамтылып отыр.

 Жалпы, біз жаңару жолына табан тигіздік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Жаңарған Қазақастан – әділетті Қазақстан» құру ісіне құлшына кірістік. Алдағы Референдум Жаңа Қазақстанның тарихи мүмкіндіктеріне жол ашады! Елдің ертеңі үшін таңдау жасайтын тарихи сәттен алауыздық танытып, енжарлық көрсеткенімізді келешек ұрпақ кешірмеуі мүмкін. Сондықтан, жарқын болашақ үшін жұдырықтай жұмылып, бірлік танытайық!

Б.К. Алтынбеков «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы
18.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 74
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 596
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 712
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 625
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 635

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8770
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8170
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11399
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9153
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10384