Көпеннің көптомдығы жарық көрді

Көпеннің көптомдығы жарық көрді

2023 жылғы 29 наурыз күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бестомдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер рәсіміне Бердібек Сапарбаев, Сауытбек Әбдірахман, Ислам Әбішев, Дархан Мыңбай, Нұртөре Жүсіп, Бауыржан Омаров, Дихан Қамзабекұлы және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты. Іс-шараны журналист Шархан Қазығұл жүргізді. 29-наурыз марқұмның туған күні. Осы атаулы күнге арнайы орналастырылған іс шарада жиналған қауым, Оспанхан Әубәкіровтың ізін басқан, қазақ сатира өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалтырған  сатирикті сағына еске алды.

Көпен Әмірбек «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, «Білім және еңбек», «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы, ҚР Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. Сондай-ақ «Ара» журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы болған. 

Әр жылдары жарық көрген «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Неменеңе жетісіп күлесің?», «Өзіңді танисың ба?», «Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін», «Көрмейін десем көзім бар», «Сөйле десең сөйлейін»,  «Батпанқұйрық», «Көкемнің көзі», «Із», «Па, шіркін, пародия», «Жұма сәлем», «Жігіттер жиыны» атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танылды. «Тамаша» ойын-сауық отауының белсенді авторы болып, өзі құрған «Көпен келе жатыр!..» әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрерменнің көзіне түскен.

Өмірінің соңғы жылдарында Aiqyn республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Ара» қосымшасында редакторлық қызмет атқарған. Газеттің аталмыш қосымшасы әлі күнге дейін тұрақты түрде шығып келеді.

30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 33
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 29
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 37
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 29
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 31

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1201
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7247
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11112
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7310
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7458