Көрікті аула – тұрғындар қуанышы

Көрікті аула – тұрғындар қуанышы

 

Орал қаласында 2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы биыл да өз жалғасын табуда.

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметінше, өткен жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде 29 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы жалғасын тапқан ауысымды жобалар аясында шілде айының соңында 22 ауланың кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды. 29 аулаға шағын архитектуралық пішімдер орнатылса, тағы 29 аула жарықтандырылды.  

Сонымен қатар сегіз аулада балаларға арналған ойын алаңқайлары мен спорт алаңдарын жасақтау жұмыстары толығымен аяқталған. Үш аулада алаңдарға түрлі-түсті резеңке жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы үш аулада балалардың ойын алаңқайларын және спорт алаңдарын (тренажерлер) жасақтауға орындар дайындалуда. Бұл аулаларды толықтай абаттандыру бойынша жұмыстарды осы жылы өз мәресіне жеткізу жоспарланған.

Жалпы аулаларды абаттандыру барысында жоба бойынша кіреберіс жолдар салу, асфальтбетонды жабынды төсеу, борттық тастар төсеу, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын (тренажерлер) жасақтау, сондай-ақ кіші сәулеттік үлгілер (орындықтар және қоқыс жәшіктері түрінде) орнату сияқты жұмыстар қарастырылған.

2021 жылы 19 ауланың аумағын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Осы жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінген жағдайда үстіміздегі жылы жұмыстарды бастау жоспарлануда.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
02.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5152
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5313
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20276
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18915
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22375