«Көшпенділер ойыны» кім мықтыларды анықтады

«Көшпенділер   ойыны» кім мықтыларды анықтады

Көшпенді ғұмыр кешкен қазақ жаугершілік заманда ат үстінде жүріп, спорттың неше түрін керемет меңгерген деп айтуға болады. Бабалардан қалған сол ойындарды жаңғырту мақсатында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастар арасында насихаттау, қазақ халқының ұлттық ойындарына жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан облысы, Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан орталығы – Ленгір қаласында «Көшпенділер ойыны» атты облыстық сайыс болып өтті. 

Кілең «сен тұр, мен атайын» деген сайыпқырандар жиналған додада қазақ халқының ұлттық ойындарының 7 түрінен, атап айтқанда, жамбы ату, асық ату, қошқар көтеру, қазақша күрес, аударыспақ, тоғызқұмалақ, арқан тартыстан өткен сайысты аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ашып, жарысқа қатысып жатқан 14 ауданнан келген командаларға сәттілік тіледі. 

14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысқан сайыста командалық есеп бойынша алаң иелері – Төлеби ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. ІІ орынға – Бәйдібек ауданы, ІІІ орынға – Отырар ауданы жайғасты. Жеңімпаз командалар қомақты қаржылай марапатқа ие болды. Сонымен қатар, спорттың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанғандарды Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев құттықтаса, командалық есеп бойынша көш бастаған командаларға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов медаль тағып, кубок ұсынды.

Таратып айтар болсақ, жамбы ату сайысында ІІІ орынды – Түлкібас ауданы, ІІ орынды – Арыс қаласы, І орынды – Төлеби ауданы иемденсе, аударыспақта ІІІ орынды – Отырар ауданы, ІІ орынды – Қазығұрт ауданы, І орынды – Төлеби ауданының сайыпқырандары қоржынға салды. Ал, қошқар көтеруден ІІІ орынды – Бәйдібек ауданы, ІІ орынды – Төлеби ауданы, І орынды – Отырар ауданы еншіледі. Тоғызқұмалақ ойынынан ІІІ орын – Отырар ауданына, ІІ орын – Сарыағаш ауданына, І орын – Бәйдібек ауданына бұйырды. Қазақша күрестен ІІІ орынды – Түлкібас ауданы, ІІ орынды – Келес ауданы, І орынды – Бәйдібек ауданының палуандары қанжығасына байлады. 

Спорттық сайыс барысында стадион аумағына киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, әжелер кеңесінің мәзірі қойылды. Келген қонақтарға қазақтың ұлттық тағамын дәріптеп, оны дайындау әдістері түсіндірілді. Алдағы уақытта «Көшпенділер ойыны» дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

 

Ш.Молдабек
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840