Кредит ұсынатын алаяқтар халықты Telegram арқылы алдауға көшкен

Кредит ұсынатын алаяқтар халықты Telegram арқылы алдауға көшкен

Кредит ұсынатын алаяқтар Telegram-да кеңінен таралып кетті. Бұл туралы Fingramota.kz медиапорталы мәлім етті. Telegram-дағы алаяқтықтың схемасы Телеграм арнасындағы жалған компаниялардың бірі қолданатын алдау схемасына мысал келтірейік. Ол жеке инвесторлар беретін «пайызсыз» кредиттер туралы жарнаманы орналастырады, сондай-ақ 10 млн теңгеге дейінгі қарыздың 10 жыл мерзімге берілетінін атап көрсетеді. Бұл ретте, олардың ақпаратына сәйкес, тіпті ол адамның ресми жұмысы болмайтын жағдайдың өзінде кредит 18 жастан асқан барлық адамға беріледі. Тіпті, алаяқтар олардың компаниясының қызметтерін пайдаланудың қауіпсіз екендігіне де кепілдік береді. Пайдаланушы арнаға қосылған уақытта алаяқтар өздерінің базасына оның профилінің деректерін автоматты түрде енгізеді және өзінің болашақ құрбанымен енді Telegram арқылы не WhatsApp желісінің көмегімен хат-хабар алмасуды жалғастырады, мұнда жойылып кететін хабарлар режимі болады. Сондай-ақ, жалған нөмірлер мен мемлекеттік тіркеу туралы жалған куәліктер қолданылады. Адамды «барлық жағынан тиімді» кредит алуға көндіргеннен кейін, қаскүнемдер оған өтінімді толтыру қажет сайтқа сілтеме жібереді, сондай-ақ «риза болған клиенттер» мен «нақты адамдардың» пікірлерін-мыс олардың телеграмм-арнасында қарауды ұсынады. Неғұрлым сенімдірек болу үшін алаяқтар өздерінің Telegram парақшасында қарыз алушының жеке куәлігін көрсете отырып, қарызды ресімдеу процесіне бейнежазба орналастырады. Содан кейін алаяқтар құрбанына өтінім мақұлданғанын және көлемі 30 000 теңгеден басталатын кредитті ресімдеу үшін комиссия төлеу қажет екенін хабарлайды. Кредитті рәсімдеу рәсімін аяқтау үшін қарыз алушы қосымша тіркеуден өтіп, тағы бірнеше қызмет үшін ақы төлеуі керек: ақшаны автоматты түрде аудару, шотты іске қосу, банк ұяшығын жалға алу. Сонымен қатар, алаяқтар оларды анықтау мүмкіндігі болмауы үшін үшінші тұлғаның картасына аударуды сұрайды. Құрбан болған адам барлық төлемдерді жасағаннан кейін, қаскүнемдер «ақша аударуға» уақыт сұрайды. Бірақ, алданған қарыз алушымен болашақта өзара әрекеттесу толығымен тоқтатылады. Маңызды! Егер сіз осындай алаяқтық схемалардың қатысушысы болсаңыз және қаскүнемдердің әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, онда сіз дереу тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөлімшесіне және банкке өз шоттарыңыз бен карточкаларыңызды бұғаттау үшін хабарласуыңыз керек! Кредиттік алаяқтардан қорғану қағидалары Есіңізде болсын! Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшінші тұлғалар мен делдалдардан банктік қарыздар/микрокредиттер беруге өтінімдер қабылдамайды. Кредитке өтінімді тек қарыз алушының өзі береді! WhatsApp, Telegram, Viber және басқа да мессенджерлер арқылы бөгде адамдарға өзіңіз және картаңыз туралы ақпаратты, парольдерді, логиндерді, кодтар мен басқа да жеке деректеріңізді бермеңіз. Фишингтік сілтемелерге кірмеңіз және сіздің құрылғыңызға қашықтан кіруге мүмкіндік беретін қосымшаларды (AnyDesk, TeamViewer) жазып алмаңыз. Қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін құжаттары жоқ тұлғалардан қарыз қаражатын алуға тырыспаңыз. Кредит берушінің тіркеу деректерін, рұқсат беретін құжаттарының болуын тексеріңіз. Маңызды! Кредитордың қазақстандық қаржы нарығында заңды түрде жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін реттеушінің www.gov.kz интернет-ресурсында «Қаржы нарықтары» бөлімінде тексеруге не «Fingramota Online» мобильді қосымшасы немесе «1459» нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы Агенттікке жүгінуге болады. Сондай-ақ, Қазақстанда кредиттерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кредиттік ұйымдардың ғана бере алатынын еске саламыз.

turkystan.kz.
27.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9387
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613