Күн сайын 500 тоннадан астам қоқыс шығарылмақ

Күн сайын 500 тоннадан астам қоқыс шығарылмақ

Облыс орталығында санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары жалғасып жатыр. «Арнаулы автобаза» ЖШС мамандары жолдың жүру бөлігі мен жиектерін құм мен қоқыстан тазартуда. Тазалық жұмыстарына 380-дей адам, 46 техника жұмылдырылған. Бұған қоса, жол жуатын функциясы бар 5 су себетін көлік тартылған. Кәсіпорын директорының орынбасары Ұзақ Тусаев жұмыстың кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап айтты. 

– Қазір сол жағалауда Махамбет пен Азаттық көшелерінде, оң жағалауда Сәтпаев пен Әбілхайыр хан көшелері тазартылуда. Көктемде күл-қоқыс көлемі айтарлықтай артады, қазіргі уақытта күн сайын 500 тоннаға дейін қоқыс жиналып жатыр, – деді Ұ. Тусаев.

Қалада нөсер жаңбырдан кейінгі суды сору жұмыстары да жалғасуда. Оған «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің 5 техникасы және 22 вакуумды машинасы тартылған. Бүгінге дейін қала көшелерінен жалпы көлемі 27 600 текше метр жаңбыр суы сорылған.

 

А. ХАМИТТЕГІ
22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24567
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37572
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41950