Күн тәртібінен түспейтін мәселе

Күн   тәртібінен түспейтін мәселе

Жол мәселесі қашан да өзектілердің қатарында. Бұл бағытта Орал қаласында автокөлік жолдарын қалпына келтіруге, жаңа жобаларды жүзеге асыруға, жолдағы қауіпсіздікті реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.  

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда облыс орталығы бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы – 615 шақырым. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағысы – 443,7 шақырым. 

Жолдарды жөндеу бойынша 2021 жылдан өтпелі кезеңмен жоспарланған нысанда жұмыстар жалғасуда.Қала іргесіндегі Деркөл кентіндегі ТЖЖ ішкі орам жолдары және еріген суларды әкету құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталған екен. Үш жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін нысанның жалпы ұзындығы – 44,288 шақырым. Өткен жылы кенттегі «Сарыарқа» шағын ауданында 6 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталса, осы жылдың соңына дейін тағы 20 көше жөнделетін болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме көшелерге асфальтбетон жабынын төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу секілді жұмыстарды жалғастыруда. Жұмыстар толықтай аяқталған көшелер де бар. Жалпы аталған шағын ауданның барлық 50 көшесіне жол салу жұмыстары 2023 жылы толық орындалады деп күтілуде.Тағы бір айта кетерлігі, Деркөлдегі жібі түзу жөндеу көрмеген үш көшенің де жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жалпы деркөлдіктер жиі көтеретін жол мәселесі осылай шешімін табуда. 

Сонымен бірге қаладағы Исатай батыр көшесінен Тюленин көшесіне дейін Ватутин көшесін  күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын нысандағы жұмыстардың 95 пайызы аяқталған. Ал Зашаған кентіндегі күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан екі шақырымдық 25-ші Чапаев дивизиясы көшесіндегі жұмыстар аяқталуға таяу. Осы кенттің «Жақсы ауыл» ықшамауданындағы Мұсағалиев және Дәуқара көшелері де жөнделіп, жол белгілерін орнату және жол таңбалау жұмыстары жүргізілуде.

Қаладағы маңызды жолдардың бірі – Әбілқайыр хан даңғылындағы жөндеу жұмыстары да биыл мерзімінен бұрын толықтай аяқталған. Қаламен жалғасып жатқан «Зачаганск» бау-бақша серіктестігіндегі Сарыарқа көшесінің жолының жай-күйін де тұрғындар есептік кездесулерде жиі көтеріп жүргенін оралдықтар жақсы біледі. Қоғамдық көлік қатынайтын осы негізгі көшенің жолына асфальт төсеу жұмыстарының да өз мәресіне жетер күні алыс емес. 

Сондай-ақ үстіміздегі жылы бірқатар нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы жеті жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған. Оған қоса ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде атқарылуда.  

 

Жол қауіпсіздігін реттейтін техникалық құрылғылар орнату жұмыстарына келер болсақ, мемлекеттік сатып алу конкурсын жүргізу барысында 2022-2023 жылдар аралығында үздіксіз жұмыс жүргізу үшін мердігер мекеме «Тәуекел» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Биыл 138 көшенің 328 шақырымында жол таңбалау жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар 428 жаяу жүргінші өткелі таңбаланған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9019
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8415
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11642
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9398
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10625