Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен өткен Ибраһим Мұстафа атындағы халықаралық тейтингтік турнирде қазақстандық балуандар 13 медаль ұтып алды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы доданы 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен қорытындылады.
Еске салсақ, Египеттегі турнирдің алғашқы күні қазақстандық балуандар 7 медаль, екінші күні 3 медаль, үшінші күні 2 медаль жеңіп алған еді. Әсіресе, алтыннан алқа таққан балуандарымыздың жеңісін ерекше атап өткен жөн. Мәселен, грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақтың финалында екі қазақ балуаны белдесті. Аманғали Бекболатов пен Марлан Мұқашевтің арасындағы жекпе-жекте 6:1 есебімен Бекболатов жеңіп, турнир чемпионы атанды. Бұл салмақтағы қола жүлдені тағы бір қазақ балуаны Исхар Құрбаев иеленді. 67 келі салмақтағы Мерей Бекенов өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, елімізге екінші алтын жүлдені сыйлады. Шешуші айқаста ол грузиялық Джони Хецурианиді ұтты.
Айта кетерлігі, Марлан Мұқанов алғашқы айналымда әлем чемпионы Нугзари Цурцумияны 13:4 есебімен ұтқан. Нугзари 2019 жылғы әлем біріншілігінің финалында қазақстандық Хорлан Жақаншаны жеңген болатын. Сонымен қатар Нугзари былтырғы әлем біріншілігінде Аманғали Бекболатовты да жеңген.