Ленинге хат және алаш ұлтшылдығының тарихи себебі

Ленинге хат  және алаш ұлтшылдығының тарихи себебі

Алаш жолы – Тәуелсіздік кепілі һәм Ұлттық идея негізі болуға лайық рухани құндылық. Бұл жол – мемлекетімізде өмір сүретін әрбір жеке азаматтың өмір сүру сапасын арттырудан бастап, ел қауіпсіздігіне дейінгі өзекті мәселелерді қамтитын асыл мұра. Алаш – мемлекеттілікті күшейтетін, ондағы институттардың қызметін дамытатын, ел азаматының бойында патриоттық рухты арттыратын төл топырағымызда өнген, өзімізге тиесілі табылмас ұлттық құнды қазына.

Алаш оқымыстыларының бойында ұлтшылдық сезімі неден туғаны  жайында Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы Ленинге орыс тілінде жазған хатында ашық айтылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінен бұл құнды жәдігерді тауып, қазақ тіліне аударып, тұңғыш жариялаған – алаштанушы ғалым, профессор Зарқын Тайшыбай. Құнды жәдігерде қазақ ұлтшылдығы туралы мынадай ой бар: «Патша үкіметі тұсында ұлттық езгі көріп, құлдыққа түскен қазақтардан артық бұратаналар болған жоқ шығар. Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген ұлттың бойында езушілерге қарсы жиіркеніш және өшпенділік сезімі үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімнен басқа сезім ояна қоймайды» (Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Мақалалар, хаттар, А.Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. VІ: – 384 б.).  

Алып Ресей империясында туған жерінен, тілінен, дінінен, материалдық-рухани байлығынан айырылған ірілі-ұсақты қаншама ұлттар арасында қазақтай езгі көріп, құлдыққа түскені болмаған шығар деп айтқанда, Алаш қозғалысының рухани көсемі ащы шындықты ашқан. Жаңа большевиктік биліктің қарсыласы ескі патшалық монархиялық жүйе екендігін білген Ахмет Байтұрсынұлы, сол биліктен қазақ халқы да қаншалық зардап шеккенін жасырмай көрсеткен. Сөйтіп, ескі патшалық монархиялық жүйе большевиктерге ғана емес, қазақ халқына да жау болғанын, патшалық – кеңестік биліктің де, қазақтың да ортақ дұшпаны екенін ескерткен. Ескі билікті, қарсыласты жоюға большевиктермен бірге қазақ халқы да мүдделі екендігін жеткізген. 

Ал енді қазақты езгіге салған патша шенеуніктерінің орнына большевиктік билік атқамінерлері отырып, олар ескі қанауды жалғастырса, жаңа билік ел сеніміне ие болма алмайды деп сақтандырған. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқы бұрынғыдай енді Кеңес билігінің құлы болмайды деп санаған: «Орыс пролетариаты үшін қазақтар жөнінде екінің бірін ғана таңдауы қалды: не билеп-төстеуші жағдайына ие болып және барлық жерде патша губернаторлары мен генерал-губернаторларының орнына жаңа диктаторлар тағайындап, өз үстемдігін күштеп таңып бағындыру, не қазақтың еңбекші халқының сеніміне ие болу». 

Большевиктер көсеміне Алаш арысы таңдау ұсынды. Қайраткер жаңа большевиктік биліктен тайсалмай, ел басқару ісінде ұлттық идеяны жүзеге асырғысы келді. Алайда Ленин бірінші жолды таңдағаны мәлім. Большевиктік билік қазақтың еңбекші табының сеніміне ие болуды емес, монархиялық билік орнына пролетариат диктатурасын жүзеге асырды. Ол жол ақыры, Алаш арысы ескерткендей, кеңестік жүйенің өзін жойды. Кеңес үкіметі енді құрыла бастаған кезде большевиктік билік               А. Байтұрсынұлы сақтандырған жолды таңдады. Ол аз уақыт ішінде патшалық биліктің озбыр саясатын таптық тартысқа, тағы да диктатураға, қанды қырғынға алмастырды. Қазақ Ревкомының он айлық жұмысына баға беріп, сол мерзімде Ревком тарапынан ешқандай жұмыс тындырылмағанын жазған хатында А. Байтұрсынұлы большевиктік билікке: «Өзара сенімге алғашқы қадамды Кеңес үкіметі жасауы керек», – деп, жаңа қалыптасқан саяси жағдайда Қазақ елін басқарудың тиімді жолын ұсынды. Ол жол аты коммунистік болғанымен, мазмұны ұлттық, алаштық болуы керек еді. Ленинге ұсынылған ел билеудің Алаш жолы кеңестік жағдайда қазақты сақтаудың ұлттық идеясы болатын. 

Қазіргі Қазақ мемлекетінің рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық салаларында, әсіресе идеологиясында Алаш ұстанымы дегенде, алдымен тәуелсіздікті сақтау, ұлттық мазмұнды ескеру, ұлттық мүддені биік қою, жоғары этикалық мораль қағидаларына сай қызмет көрсету, тазалық, адалдық сынды құндылықтарды ескереміз. Идеологиясыз мемлекет өмір сүре  алмайтынын ескеріп, біз де осы бағытта алаш аманатына адал болғанымызды қуаттаймыз. Мысалы, А. Байтұрсынұлының Ленинге жазған хатында ел сенген алаш қайраткерлері былай таныстырылды: «Мәселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін және жаза болып жаңылса да, жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар». Елдік мұратқа адал, халқын сатып кетпейтін мемлекет қызметкерін тәрбиелеуде бүгін біз айнымас темірқазық бола алатын Алаш тағылымын аса құнды рухани қазына деп есептейміз. Осының өзі ұлттық идеологияның ажырамас бөлшегіне айналуға тиіс деп ескереміз.

Алаш саяси күш ретінде алдымен патшалық Ресейге қарсы күресті. Бұл кешенді ағартушылық күрес сипаты мазмұны жағынан ұлттық болды. Қазақтың екі ғасыр бойы ұлттық ар, намысын езіп, құқығын жаншып, оны туған жерінде өгей бала күйінде көрмеген отарлаушы билікке қарсы жүргізілген қозғалысты ешкім бүгін ұлттық мазмұнда болғаны үшін кінәлай алмайды. Сауаты бар саналы адам бұл тарихи құбылысты қазақ халқының өзін-өзі сақтау үшін жүргізген амалсыздықтан жасаған күресі, өлім алдындағы табиғи қарсылығы деп түсінеді. Алаш қозғалысының мақсатынан ұсақ ұлтшылдық пиғылды іздеу, өзге ұлтты төмен санау ұстанымын көру қате деп біледі. 

Қазіргі тәуелсіз Қазақ мемлекетінің рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық салаларының бәрінде алаш ұстанымына басымдық еткеніміз ләзім. Мемлекеттік билік, саяси партия, идеология, экономика, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік институттар, білім беру, тіл, әдебиет, тарих, дін, мәдениет, ғылым, өнер, халықаралық байланыс т.с.с. барлық саланың жұмысында алаш идеясы үстемдік етуге тиіс деп санаймыз. Алаш идеясының Тәуелсіздікпен сабақтастығын, Тәуелсіздікті нығайтатын құндылық екенін, оны сақтайтын рухани күш боларын терең зерделеп, насихаттауымыз қажет деп білеміз. Ол жұмыс алдымен ұлттық тарихты Алаш қағидатына сай танудан басталғаны орынды деп санаймыз.

Қайырбек Кемеңгер, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678