Мәдени ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі – Аида Балаева мен Лоранс де Кар екі ел арасындағы мәдени жобаларды талқылады

Мәдени ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі – Аида Балаева мен Лоранс де Кар екі ел арасындағы мәдени жобаларды талқылады

🇰🇿🇫🇷 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лувр музейінің президент-директоры Лоранс де Кармен кездесу өткізді. Кездесу мәдени алмасу мәселелері және Қазақстан мен Франция арасындағы перспективалы жобаларға арналды.

✔️Тараптар Қазақстан музейлері мен Лувр арасында бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады. Ынтымақтастық көрме қызметімен қатар, ғылыми-зерттеу, археологиялық зерттеулер, ғылыми материалдар жариялау және музей ісіндегі тәжірибе алмасу бағыттарын да қамтуы мүмкін.

«Бізді Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу бойынша бірлескен ғылыми жұмысқа қатысты ынтымақтастық қызықтырады. ҚР Ұлттық музейінің жанынан реставрация орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан Лувр музейінің ғылыми, кадрларды даярлау, көрмелер ұйымдастыру бойынша қолдауын алғымыз келеді», – деп атап өтті Аида Балаева.

 

Министр қазақстандық мамандар үшін мастер-класстар мен тағылымдамалар ұйымдастыру  кәсіби білім алмасу мен Қазақстанда музей ісін жетілдіруде маңызды қадам болатынын ерекше атап өтті.

 

«Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде көрмелерді бірлесіп ұйымдастыруға да дайынбыз, себебі бұл Лувр музейінің халықаралық саясатына сай келеді», – деді кездесуде Лоранс де Кар.

 

🤝Кездесу соңында екі тарап та бірлескен жобалар мен мәдени алмасу Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдететініне сенім білдірді.

 

 

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Qazaqstan dauiri
06.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 31
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 221
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9475
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12711
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11681
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16693