Өмірін өнерге, шығармашылыққа, руханиятқа арнаған мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті.
Өнер қай кезде де халықтың қазынасы болып келген. Осы жолда тер төгіп жүрген жерлестеріміздің еңбегін әрдайым жоғары бағалаймыз. Сондықтан да бүгінгі басқосуда мереке иелеріне ізгі тілегімізді жеткізіп, жемісті жұмыстары үшін лайықты марапаттарын табыс еттік.
Жалпы Шу өңірі мәдениетімен мерейленіп, өнерімен өрістеген өлке. Ауданымыздың топырағынан талай мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздары түлегенін көпшілік жақсы біледі. Бүгінде олардың іздерін бүгінгі жас буын жалғап келеді. Кәсіби мереке қарсаңында барша мәдениет пен өнер саласының ардагерлері мен қызметкерлерін мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық пен шығармашылық табыстар тілеймін! Егеменді еліміздің мәдениеті мен өнері өрлей берсін!