Мәдениет, спорт және туризм салаларында бірқатар өзгерістер орын алып, жаңа бастамалар қолдауға ие болады

Мәдениет, спорт және туризм салаларында бірқатар өзгерістер орын алып, жаңа бастамалар қолдауға ие болады

Биыл мәдениет, спорт және туризм салаларында бірқатар өзгерістер орын алып, жаңа бастамалар қолдауға ие болады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осы жылғы өңірлердегі жұмыс сапарын Түркістаннан бастады

Министр алдымен облыс орталығында халықпен кездесу өткізіп, жаңалықтармен бөлісті.

Жоспарға алынған тың жобаларды таныстырды. Жасандылықсыз ашық пікіралмасуға халық оң бағасын беруде.

Жұртшылықтың көкейіндегі сұрақтар жауапсыз қалмады. Облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов спорт саласындағы легионерлер мәселесіне назар аударуды сұрады.


Министр зерделеулер жүргізіп, ең әуелі ауылдағы азаматтарды қолдауға басымдық беретінін айтты.


Қарнақтағы музейдің де түйінін шешуге үлес қоспақ.

Халықпен кездесуде ұсыныс-пікірлер түртіп алынды. Жиыннан соң, азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, онда да талап-тілектерді бірлесіп қараймыз.

Сапарда Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің жұмыс барысымен, ескек есу каналының құрылысымен танысты.


Министр тек облыс орталығынан қайтпай, өңірдің оңтүстігіндегі аудандарға, Отырар, Арыс, Шардара, Жетісайға атбасын бұрып, аралайтынын айтты.


Ондағы халықтың халін біліп, аталған салалар бойынша өзекті мәселелерді саралайтын болады.

Сонымен, жиындағы маңызды мәселелерге ойыссақ. Кездесуді киелі өлкенің тумасы, қазақ руханиятына еңбегі сіңген Өзбекәлі Жәнібековты еске алумен бастауы көпшіліктің көңілінен орын алды. Осы жылы нар тұлғалардың мерейтойларын атап өту өз жалғасын табады. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, Құрманғазының 200 жылдығы, Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығы, Жұмабек Еділбаев және Оразбек Сәрсенұлының 100 жылдығына арналып халықаралық деңгейде іс-шаралар өтеді.

Министрлік мәдениет саласының майталмандары мен архившілерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірнеше шараны қабылдауға бел буып отыр. Оның ішінде барлық санаттағы қызметкерлердің еңбекақысы жыл сайын 20%-ға ұлғаятын болды. Республика бойынша 12 мыңға жуық архив және кітапхана мамандарына қосымша ақы тағайындау да қарастырылып жатыр. Әрине, адал еңбек еткен, ерекше қызметкерлер таңдалатыны да айтылды.

Ең маңыздысы – осы саланың дамуы жолында тер төккен өнер иелеріне «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы тапсырылады. Бұл мәселе 20 жылдан астам уақыт қозғалып келді. Бұл атақ Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықтың шынайы бағасына ие болған мәдениет қайраткерлеріне табысталады. Ел бойынша 1500 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, қайта жөндеу жұмыстары жоспарда бар. Оның ішінде біздің облыста 15 мәдениет нысанын жөндеуден өткізу және 3 нысанның құрылысын бастауды көздеп отырмыз.

Күні кеше министрлік тарапынан «Гауһар Ана», «Ордабасы», «Сауран» визит-орталықтарының ашылуын осы жылы өткізу жоспарда екенін мәлімдеді. Ұлттық жобалар жалғасын табады. Бұрын-соңды танылмаған қаламгерлерді қолдау мақсатында олардың шығармаларын «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы арқылы басып шығару қолға алынады екен.

2023 жылы алғаш рет 18-29 жас аралығындағы жас жазушыларға ерекше серпіліс сыйлайтын 4 номинацияға сәйкес, Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы беріледі. Шығармашылық ұжымдарына арналып өтетін «Рухани қазына» республикалық фестивалі жаңа тұлғаларды қалыптастырады деп ойлаймын.

Түркістан өңіріндегі Сауран, Отырар және Яссы тарихи нысандарын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын әзірлеу жұмысы жалғасатыны да сөз болды.

Спорт саласына байланысты бірқатар жағымды бастамалар іске асырылады. Сала жанашырлары, яғни жаттықтырушылардың да жалақысы өседі. Мұнымен қоса, қосымша 100% үстемақы төленетін болады. Ал, мектеп-интернаттарының оқытушылары тәжірибе жинаған сайын айлығына 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін үстемақы енгізіліп отырады. Бұл өте құптарлық іс.

Алдағы уақытта спортшылар Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспай-ақ ЖОО-на грант арқылы түсуге мүмкіндік алады. Асхат Раздықұлы бүкіл облыстың орталықтарында спорттық мектеп-интернаттарын ашу керектігін алға тартты. Осылайша жергілікті спортшыларды қанаттандырып, әлемдік ареналарда бақ сынауға жағдай жасаймыз. 2022 жылы бастау алған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі биыл да ұйымдастырылады. Былтыр шабандоздар Астанадан Түркістанға бағыт алса, бұл жылы керісінше рухани шаһардан елордаға қарай бәйгеге қатысады.

Туризм бағытына қатысты 2022 жылы 15 туристік нысан қолданысқа берілді. 2023-2024 жылдары Түркістан облысына инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 41,7 млрд.теңге бағытталуда. Қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, теннис және фитнес-клубтарының саны артады. Әуе қатынасы да біршама ретке келтіріліп, баға қолжетімділігі назарға алынды.

Сондай-ақ турагенттерден алынған жолдамалардың бағасының 20%-ын қайтару жоспарлануда. Туристер үшін тиімді тәсілдер жан-жақты қарастырылып жатқанының айғағы. Ал, Bed Tax салығы шетелдіктерге қолданылып, жинақталған қаражатты аймақтардағы туристік инфрақұрылымдарға жұмсау да өте жақсы жаңалық. Туристер үшін де «Neo Nomad» арнайы акциясы осы жылы басталмақ. Бұл ішкі туризмді насихаттау мақсатында өткізіледі.

Бейсен Тәжібаев ФБпарақшасынан
17.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498