Майдан журналистерінің ерлігі

Майдан журналистерінің ерлігі

Бүгінгі таңда майдан журналистикасы, майдангер журналистер туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Иә, соғыс жылдарында БАҚ-тың рөлі өте зор болды. Журналдар жабылып, жауға қарсы күшті жұмылдыруды насихаттауда газет пен радио көп жұмыс атқарды. Сол кездері 10 майдандық, 10-нан астам дивизиялық газеттер шықты. Олар: «Жауды жоюға», «Жауға қарсы аттан!», «Совет жауынгері», «Сталин туы», «Отан күзетінде», «Дабыл», т.б. газеттері еді. Мұнда әскери тілшілер мен редакторлар бір қолдарына қару, бір қолдарына қалам алып, жауға қарсы аянбай күресті. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, С.Ерубаев, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, С.Сейітов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықовтың публицистикасы мен мақалаларындағы жалынды да қаһарлы сөздері жауға қарсы оқша борады. Осындай аға ұрпақтың ерлік істерін ұмытпай есімізде мәңгі қалдыру мақсатында Жеңіс күні қарсаңында «Тұран» университетінің «Отанды қорғауда» газетінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Майдан      журналистикасы» атты дөңгелек үстел өтті. 1942 жылы 6 қарашада «Отанды қорғауда» газетінің алғашқы саны Ленинград майданы даласы қазақ жауынгерлерінің қанымен жазылған хаттарға толы болды. Газетті 3 курс студенті Түймебай Әшімбаев басқарған. Майдан даласындағы қазақ жауынгерлерінің  ерлігі, сондай-ақ газеттің 312 данасында сан мыңдаған  ескерусіз қалған батыр ұлдарымыздың есімі көп жазылғандығы үшін де, майдангер қаламгер соғыс аяқталысымен 6 жыл қамауға алынып, сотталып кетеді. Қан майданның ішінде алдыңғы шепте жүріп, әрі соғысып, әрі материал жинап жазып отырған өр рухты Т.Әшімбаевтың ерлігі мен журналистика саласына сіңірген еңбегін әлі де зерттеу керек екені анық. Дөңгелек үстелді модератор, ф.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор Түлекова Гүлжан жүргізді. Беташар сөзді «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов айтты. С.Қозыбаев (Қазақстан журналистер академиясының президенті), Ү.Әлімбетов (профессор, академик), Б.Жақып (журналист, ақын), Л.Ахметова (профессор, белгілі қоғам қайраткері), «Ана тілі» газетінің бөлім басшысы Д.Белдеубай, «Qazaqstan dauiri» газетінің тілшісі Ш.Биекеева,                            «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры А.Әубәкір, суретші Ө.Жұбаниязов және журналистика факультетінің 1 курс студенті Е.Ратбеков пен 3 курс студенті Р.Мутаир сынды конференцияға қатысушы қонақтар майдан журналистикасы мен Түймебай Әшімбаевқа қатысты естеліктер айтып, баяндама жасады. 

 

Шаргүл Қасымханқызы
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 81
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 115
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 115
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 81
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 230
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 443
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 406

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9103
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8501
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11728
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9494
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10710