Майдангерлерге құрмет көрсетілді

Майдангерлерге құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесін оралдықтар да қастерлі күн ретінде атап өтті. Қасиетті мерекеде көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсетілсе, Жеңіс алаңындағы салтанатты шеруге қатысушылар майдан даласында қаза тапқан боздақтардың  рухына тағзым етті.

Орал қаласының баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күні қала әкімі Миржан Сатқанов Ұлы Отан соғысының 99 жастағы ардагері Борис Шолубайдың үйіне барып, қарияны құттықтады. Сұрапыл соғысқа өзі сұранып барып, екі рет ауыр жараланған соғыс сарбазы ерлігі үшін бірнеше медальмен марапатталған. Қала әкімі ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап, естелік сыйлық табыстады.

Бұл күні оралдықтар Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға», Бауырластар зиратына, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға және Хиуаз Доспановаға арналған«Қазақ халқының даңқты қыздары» мүсіндік композициясына, Кеңес Одағының Батыры Темір Масин мен Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуковтың ескерткіштеріне, «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қойып, боздақтарды еске алды. 

Сонымен қатар Ұлы Жеңіс мерекесіне орай қалалық мәдениет және демалыс саябағында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындар «сарбаз ботқасынан» дәм татты. Ал қалалық мәслихат депутаттары өз округтеріндегі ардагерлерді құттықтай барыполарға мерекелік көңіл күй сыйлады. – Күн санап қатары сиреген соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету – біздің парызымыз әрі міндетіміз. Солардың бірі – жасы жүзге таяса да, қоғамдық істердің басы-қасында жүріп, жастардың тәрбиесіне атсалысып жүретін «Орал қаласының құрметті азаматы» Вениамен Скаленко. Мен де Ұлы Жеңіс мерекесінде ардагердің отбасында болып, ақ тілегімді арнадым. Жас балаша мәз болған майдангер толқып тұрып, алғысын білдірді, – дейді қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова.  

Мереке қарсаңында оралдық соғыс және прокуратура ардагері Иван Гапич Алтын Жұлдызбен бен «Отан» орденімен марапатталып, «Халық қаһарманы» атағы берілгенін де атап өткен жөн. Биыл Орал қаласында Ұлы Жеңістің 78 жылдығын 13 майдангер қарсылады. Отан үшін от кешкендердің ерлігі – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Оларға 9 мамырда ғана емес, күн сайын құрмет пен қошемет көрсетсек те артық етпейді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
11.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407