Мал иелеріне қандай талап қойылады?

Мал иелеріне қандай талап қойылады?

Мал базарларына қойылатын талаптар туралы халық көп біле бермейді. Онда сату және сатып алу туралы мал иелеріне қандай талаптар қойылады? Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 32-бабының талаптарына сәйкес үй жануарларының барлығы бірдейлендірілуі тиіс және дерекқор базасына енуі қажет. Осыған сәйкес, мал базарға сатылымға түсетін жануарлардың иесі тұрғылықты жерiнiң қолайлы аймақ екенi жөнiнде ветеринарлық анықтаманы, жануардың төлқұжатын, аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шарасы туралы мәлiметтi көрсетуi тиiс.

Iрi қара, уақ малдарда сырға, жылқы малында таңба немесе чип болуы қажет. Талап бойынша базар аумағына ешқандай мал басы құжатсыз кіргізілмеуі тиіс. Себебі, ол малдың денсаулығы туралы бірден-бір мәлімет беретін құжаты саналады.

Әрбір ауданда ветеринариялық станса, ауылдық округте ветеринариялық пункт мамандармен толық қамтылған. Тиісті аумақтың мал дәрігерлері өзіне бөлінген елді мекеннің ауыл шаруашылығы жануарларының ауруға шалдықпауын қадағалайды. Қазір мал халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізіледі.

Қазір бір ауданда қанша мал басы бар, соған орай ғана санаулы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егілетін вакцина беріледі. Мал базарына сатуға келген жануарлардың ветеринариялық анықтамасы, ветеринариялық төлқұжаты мал базарындағы ветеринариялық маманның дерекқор базасы арқылы салыстырғаннан кейін, малды сатып алған иесіне беріледі. Сол құжат арқылы мал иесі өзінің атына тіркейді. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар болмаса, төрт түлiк мал базарларға сатылымға жiберiлмейдi. Бұл жөнiнде сауда орнының кiреберiсiне және баспасөз құралдарында хабарлама берілген.

Осы заң талаптарының сақталуы халық арасында аса қауiптi жұқпалы iндеттердiң таралуын болдырмауға және мал ұрлығының алдын алуға мүмкiндiк бередi. Ветеринарлық қауiпсiздiк – халықтың саулығын сақтаудағы маңызды қадам.

 

Асқар ТОХАБАЕВ, облыс әкімдігі ветеринария басқармасы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706