Референдум

Референдум жайлы ойым

Референдум жайлы ойым

Ата Заңмен танысып шықтым. Маған ұнамағаны – Ата Заңның жобасындағы 9-баптың 2-тармағы. Бір ай бойы жүрегім ауырды. Неге өз елімізде, өз жерімізде, тәуелсіз мемлекет бола тұра ана тіліміз – қазақ тілін өз орнына қондыра алмаймыз деп қатты қиналдым.  

«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады» деген тармаққа байланысты бүкіл желілерде 9-баптың 2-тармағына   қарсы пікірлер көп айтылды. Содан бұл пікірлерге құлақ асқан болар, Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов былай деп мәлімдеме жасады.  9-баптың 2-тармағы  нақтыланып, «тең» сөзі «наряду» деп ауыстырылды деген. Қазақшаға аударсақ, «осымен бірге», «сонымен бірге»  болып шығады. Ал «ресми» деген сөз алынып тасталды. 

Дегенмен жұрттың қалауы – 9-баптың 2-тармағын мүлде алып тастау болатын. Ашық айтылмаса да, менің түсінгенімде бұл саяси ахуалға байланысты болған болу керек. Шындығында да солай ғой. Бүгінгі саясатқа қарасақ, екі жағымызда екі алпауыт мемлекет. Жерімізге көз алартып отырғандар да бар.  Кейбіреулер біздің Қазақстанды  Қырғызстан мен Өзбекстан, Түркіменстанмен салыстырады. Ол мемлекеттерде негізінен өздерінің тұрғылықты халқы мекендеп отыр емес пе. Ал бізде ше? Қазақстанда 50-60 пайызға жетер-жетпес өз ұлтымыз тұрады.  Кезінде Украинада тілге байланысты қысымшылық болды. Сондағы соғыс өртінің болуына тіл мәселесінің қатысы бар деген  болжам бар. Оның үстіне қазірге Әлемдегі  Иран мен Америка-Израильдегі болып жатқан соғыс өрті ол да бізді  алаңдатады.  Бізге дәл қазіргі уақытта  бейбіт өмір керек.   Бейбіт өмір – баға жетпес байлық,  бақытты болашақтың басты кепілі. Тыныштық бар жерде  береке мен жасампаздық  болады. «Байлық байлық емес, бейбіт өмір – ол адамзаттың мәңгілік байлығы мен құндылығы.  Ал соғыс адамзатты жер бетінен өшіріп тастауы да мүмкін.

Шындығын айтсам, мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін көтеріп,  қазақ тілін білу үшін әрбір отбасында ата-әжесі, әкесі мен анасы балаларына бірінші болып қазақ тілін үйрету солардың  міндеті емес пе? Өздері білмесе, балаларымен бірге  қазақ тілін оқып, үйренулері керек. Баланың ата-анасы өзінің ана сүтімен келген туған тілінде сөйлей алмаса,  қазақ тілін үйренемін деп талпынбаса, одан өткен қайғы-қасірет жоқ деп ойлаймын. Көшеде келе жатсаң, анасы баласымен басқа тілде сөйлесіп барады. Бұл бір ғана отбасының кемшілігі емес, жүздеген, мыңдаған отбасының қасіреті. Сол үшін  балабақшалар елімізде тек қазақ тілінде ашылса деймін. Бала кішкентай кезінде ана сүтімен келген қазақ тілін балабақшада жалғастырса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал осы олқылықтар мен қателіктерімізді жою үшін қазақ тіліне бірінші жоғары жақта отырған шенеуніктер мен ата-аналар көңіл бөлсе деймін. Тілді құрметтеуді өзбектер мен жапондардан үйренуіміз қажет. Ол үшін алдымен  өз ұлтың мен тіліңді құрметтеуің керек.  Дәл қазіргі уақытта қазақ халқына ауызбіршілік пен азаматтық сана, ұлттық намыс, ұлттық рух қажет. 

Ғалия БАЛТАБАЙ,

журналист, 

«Құрмет» орденінің иегері

12.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23829
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23500
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40554
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36942
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41179