Халқымыздың тіршілік көзі болған мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді.
Қазіргі таңда заман талабына сай, мал тұқымын асылдандыру жұмысы ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселенің бірі әрі бірегейі.
Асыл тұқымды мал – табыс көзі. Оның қай салаға болсын тигізетін әсері мол.
Сарысу ауданында жалпы 1045 шаруа қожалық тіркелсе, 576 – сы мал өсірумен айналысады.
Ауданда бүгінде асыл тұқымды мал өсіруші 9 шаруа қожалық тіркелген.
Олар, «Жарасбек ата», «Сәт-Сағын», «Раш», «Тәуекел», «Әлішер», «Бірлік», «Әлішер», «Елдос-2004», «Айтуған», және «Абылай» шаруа қожалықтары.
Аталған шаруа қожалықтары Республикалық асыл тұқымды малдардың палаталарына тіркеліп, толық заңдастырылған.
Шаруа қожалықтар мал шаруашылығын асылдандыру бағытында тұқымды өндіруші бұқа немесе қошқар сатуға толық құқылы.
Осы шаруашылықтарда бүгінде таза асыл тұқымды 8,0 мың бастан астам қой және 105 бас мүйізді ірі қара тіркелген.
Биылғы жылдың басындағы санақ бойынша аудандағы барлық шаруа қожалықтарда 45877 бас асыл тұқымды қазақтың жылшық жүнді құйрықты қойы және олардың будан төлдері тіркелген.
Ал, асыл тұқымды және будандасқан мүйізді ірі қара саны 4314 бас. Оның 3176 басы қазақтың Ақбас тұқымы, 6 басы Әулиекөл тұқымы және 1132 басы Абердин ангус тұқымы.
Аудандағы асыл тұқымды және будандасқан мал басы санын арттыру мақсатында, шаруашылықтардың субсидиялау жұмыстарына үлкен көңіл бөлініп келе жатыр.
Мал шаруашылығы саласында пайдаланылып жатқан мемлекеттік қолдаулар көлемі де жыл санап өсіп келеді. 2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында 227,2 млн теңге көлемінде шаруа қожалықтар қайтарымсыз субсидия қаржысын алса, өткен жылы субсидия көлемі 340,6 млн теңгеге жетті. Ал, биыл жыл басынан бері шаруа қожалықтар 107,7 млн теңге субсидия алды. Жылдың соңына дейін аталған көрсеткішті 350,0 млн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылған ауылдардағы сатып алынған мүйізді ірі қара басын қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіле бастады.
Ауданға асыл тұқымды мүйізді ірі қараның 638 ұрық бірлігі бөлінді.
Оның ішінде, 50 дана Әукиекөл тұқымы, 100 дана Абердин-Ангус тұқымы, 188 дана Алатау тұқымы және 300 дана Ақбас тұқымы.
Бүгінде пилоттық жобаға енген Байқадам және Жайылма ауылдық округтерінде 49 бас мүйізді ірі қара қолдан ұрықтандырылды.
Алдағы уақытта пилоттық жобаға енбеген округтерде де қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Ұрықтандыру жұмыстарын аудандық ветернариялық станциясының ауылдық округтердегі ветеринарялық пункт дәрігерлері жүргізуде.
Ауданға тиісті Жаңатас қаласы және 9 ауылдық округте ауыл тұрғындарының жеке иелігінде сиырлар 32 падада бағылады. Падалардағы жалпы сиыр саны 7418 бас. Аталған падаларға 202 бас бұқа қосылған. Оның ішінде, 14 бас бұқа (Ақбас-8, Ангус-6) асыл тұқымды.
Атап айтақанда, Жаңаталап ауылдық округінде 2 ақбас бұқа, Түркістан ауылдық округінде 6 ақбас бұқа, Тоғызкент ауылдық округінде 1 ангус бұқасы және Досбол ауылдық округінде 5 ангус бұқасы қосылған.
Қоғамдық падаларға асыл тұқымды бұқа қосу жұмыстары қиындық тудырған жағдайда, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеткізілген ұрықтармен жобадан тыс ауылдық округтегі сиырларды қолдан ұрықтандыру жұмыстары қолға алынбақшы. Бұл жұмыстар тегін атқарылатын болады.
Бұл ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру жұмыстарын одан әрі жандандыруға, ауылдардағы мал басы санының тұқымының жақсаруына, өнімділігінің артуына үлкен мүмкіндік бермек.
Все