АЛАҚАНДАЙ АСЫЛ МҰРАЛАР

АЛАҚАНДАЙ АСЫЛ МҰРАЛАР

ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі Кітап күніне орай «Алақандай асыл мұра» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Көрме аясында көлемі шағын болғанымен, мазмұны терең, тарихи және мәдени құндылығы жоғары сирек басылымдар топтастырылды.

Экспозицияның өзегін ислам өркениетінің жауһарлары – Құран Кәрімнің әр кезеңде жарық көрген нұсқалары құрайды. Атап айтқанда, Хафиз Осман Ефендидің XVII ғасырда көшірілген қолжазбасының ХХ ғасыр басындағы баспа нұсқасы, Стамбулда 1890 және 1900 жылдары басылған Құран басылымдары, сондай-ақ Каирдің Амирийа баспасынан 1929 жылы жарық көрген нұсқалар ұсынылған. 

Аталмыш көрмеде Еуропаның ғылыми және әдеби дәстүрін танытатын сирек басылымдар да орын алған. XVII ғасырдағы «Journal des sçavans» («Журна́ль дэ сава́н») (13,55 × 7,5 см) журналы – ғылым, философия, құқық және әдебиет салаларын қамтыған алғашқы ғылыми мерзімді басылымдардың бірі ретінде ұсынылса, XVIII ғасырда жарық көрген Публий Овидий Назонның латын тіліндегі шығармалар жинағы классикалық әдеби мұраның жарқын үлгісі саналады. Ал «Almanach de Gotha» («Альманах де Гота») (12,5 × 8,5 см) басылымдары Еуропа ақсүйектерінің генеалогиясы мен саяси құрылымдарын қамтыған беделді анықтамалық ретінде ерекшеленеді.

Көрменің ерекше бөлігін миниатюралық кітаптар құрайды. Көлемі бірнеше сантиметр ғана болатын бұл басылымдар мазмұн байлығымен және безендірілу ерекшелігімен құнды. Олардың қатарында Сергей Есениннің «Лирикасы» (7 × 5,5 см), Мұхтар Әуезовтің «Жастарға айтар бірер сөзі» (8 × 5,5 см) мен «Татьянаның сахарадағы әні» (8 × 6,5 см), Ғабит Мүсіреповтің «24 сағатта» (10 × 7,5), Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» (8,5 × 6.5 см) поэмасы, сондай-ақ Александр Пушкиннің «Пиковая дама» (10 × 6,5 см), Антон Чеховтың «Человек в футляре» (10 × 7), Иван Тургеневтің «Стихотворение в прозе» (10 × 7), Михаил Лермонтов «Маскарад» (10 × 7),   шығармасы ұсынылған. Сондай-ақ поэзиялық, тарихи және көркем-танымдық жинақтар кеңінен қамтылған. Атап айтқанда, «Огненные листья» (13 × 7 см), «Андалусская поэзия» (8 × 6 см), «Времена года» (8 × 7 см), «Фархад и Ширин» (10 × 7 см) сияқты жинақтар әр дәуірдің әдеби тынысын танытса, Михаил Шолоховтың «Нахалёнок» (5,5 × 4,5 см), Пётр Ершовтың «Конёк-Горбунок» (7,5 × 5,5 см) шығармалары көркем әдебиеттің үлгілері ретінде қойылды.

Сонымен қатар, екінші экспозицияда көлемі шағын болғанымен мазмұны бай бірқатар сирек басылымдар ұсынылды. Атап айтқанда, «Поэты славят Туву» (8,5 × 6,5 см) жинағы, башқұрт халқының батырлық эпосы «Акбузат» (8 × 6,5 см), шор тілінде жарық көрген «Ай-Толай» (10 × 7 см) поэмасы көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ грузин әдебиетінің көрнекті өкілдері Ираклий Абашидзенің «По следам Руставели» (7 × 5,5 см) еңбегі мен Шота Руставелидің әлемдік классикаға айналған «Витязь в тигровой шкуре» (8 × 6,5 см) шығармасы да экспозициядан орын алды. Бұдан бөлек, әскери-стратегиялық мұра ретінде Александр Суворовтың «Наука побеждать» (10 × 8 см) еңбегі, сондай-ақ украин ақыны Тарас Шевченконың әлемнің бірнеше тіліне аударылған өлеңдер жинағы (6 × 5 см) ұсынылып, көрменің мазмұндық аясын кеңейте түсті.

Кейбір басылымдардың құрылымдық ерекшеліктері де ерекше назар аударады. Мәселен, «Янтарьный сказ» (10,5 × 7,5 см) жинағында табиғи янтарь тасының үлгісі енгізілсе, «Огненные листья» (13 × 7 см) кітабында оқ (патрон) көшірмесі пайдаланылған. Ал Владимир Высоцкийге арналған «Я, конечно, вернусь» (14 × 9 см) басылымының мұқабасы аудиокассета пішінінде безендірілген. Бұл кітаптардың тек мазмұндық емес, көркемдік және дизайн тұрғысынан да құндылығын арттырады.

Көрме оқырманды кітап мәдениетінің сан қырлы әлемімен таныстырып, сирек қордағы асыл мұраларға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Ертай БІЛӘЛ,

ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің маманы, 

Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты

 

23.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24557
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24220
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41672
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37563
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41942